Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін? Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін? Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін? Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін?
Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу
2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақ мақсаттары: Сезім мүшелері жайлы ертегіні оқиды. Оқиғаның соңын болжайды. Я, ю әріптері бар сөздерді қатесіз жазуға үйренеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру.
көз көру мүшесі;
құлақ есту мүшесі;
мұрын иіс сезу мүшесі;
тіл дәм сезу мүшесі;
тері ыстық пен суықты сезетін сипап сезу
мүшесі;
Дескриптор
1. Сезім мүшелерін дұрыс сәйкестендіру;
2. Жұпта бірігіп жұмыс жасау;
3. Бағалау.
Тақтада берілген дұрыс жауаппен жұптар бір-бірін тексеру.
Дәптермен жұмыс.
Я я және Ю ю әріптерін көркем жазу.
Қатармен жұмыс.
«Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар – Бес қыздың аты;
2- қатар – Бес ұлдың аты;
3- қатар – Жер — су аттары.
Жеке жұмыс.
1/Мысалды оқу
Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы (мысал)
Шәкен Күмісбаев
Ойда жоқта адамның көзі, құлағы, аузы, мұрны бір уәжге келмей айтысып қалады.
— Мен болмасам, адам атаулы өмір сүре алмас еді,-деп бастайды Көз дауын.
— Асқар биік тауларды, жазық-жазық белдерді, көк толқын көлдерді мен арқылы көреді. Менсіз бәрі-қара түнек қапас тіршілік. Оның несі сән? Сұлулықты, биіктікті, тереңдікті, қашықтықты адам мен арқылы болжайды.
Мына сөзге шыдамай кеткен құлақ көзге дүрсе қоя берді.
— Әй, көз бауырым, мен болмасам, адам бұрқана соққан дауылды, көк теңіздің толқығанын, бұлақтың сыңғырлаған сұлу сылдырын, аспанда ұшқан аққудың қанатының суылын, тіпті бірінің сөзін бірі естімес еді,-дейді ол.
— Сендер текке тәжікелеседі екенсіңдер,-дейді мұрын араға түсіп. –Мен болмасам, адам атаулы тыныс ала ма, тұншығып өлмей ме?! Таза ауаны, қолқаны қапқан түтінді түйсіне ме?!
— Бәріңдікі бос сөз. Мен болмасам, аштан қаларсыңдар. Ащының да, тәттінің де дәмін білмей дал боларсыңдар,-дейді ауыз.
Олардың айтыс-таласын тыңдай-тыңдай жалыққан Ми сол кезде қалғып кеткен екен.
Міне, ғажап! Көз көруден, Құлақ естуден, Мұрын иісті сезуден, ал Ауыз сөйлеуден қалып, олар да еріксіз ұйықтап қалыпты.
(Ұ) «Шығарма не туралы?» екенін «Үш таяқша» әдісі арқылы шығарманың тақырыбын анықтау.
(Ұ, Ө) Дәптермен жұмыс
Жеке жұмыс.
1-тапсырма
Адасқан әріптер.
А қ т я и , ю о, р и я қ, ю қ о, з и п я. . .
2-тапсырма (ю,я әріптерін дұрыс қолданып сөйлеу)
Сурет бойынша екі, үш сөйлем құрастырып жазыңыз. …..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com