Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы » ZHARAR
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………3-4
Негізгі бөлім
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны…………………………………………………………………………..5-9
2. Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан
Республикасының тәжірибелері……………………………………..10-15
3. Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің негізі ретінде…………………………………………….16-19
4.Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау
диагностикасының әдістемелік негіздері……………………….20-25
Қорытынды…………………………………………………………………………26
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………..27-28…..
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.
Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстың сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.
Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық — нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -жақты қарастыруды үйғардық.
Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарысқа келесідей түсінік беріледі: «…мемлекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың жағдайы».
ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы « Заңында экономикалық қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы » деп көрсетілген.
Біз жоғарыда тоқталып өткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.
Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.
Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми — техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлеуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігі.
Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми — техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлеуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми — өндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілеті.
Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз — жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы.
Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.
Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстың алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету үшін меншікті корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1. Капитал ресурсы;
2. Персонал ресурсы;
3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4. Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ре сурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және т.б.
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік иелерінің және жалдамалы қызметкерлердің экономикалық мүдделерінің бар екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін қатерлерді келесі түрде жіктейді:
— Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
— Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару функционалдық тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:
— Технико-технологиялық;
— Интеллектуалдық және кадрлық;
— Қаржылық;
— Саяси-құқықтық;
— Ақпараттық;
— Экологиялық.
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі көп жағдайда мамандардың біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық — экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.
Саяси — құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге болады:
— кері әсерлерді анықтау;
— қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
— осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі тиімді болар еді:
1. Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;
2. Қарсы шараларды жоспарлау;
3. Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;
4. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда кәсіпорынның өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.
Ешкім және ешқашан дағдарыстан қорғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте, дағдарыстық жағдай аяқ астынан болады. Дағдарыс кәсіпорындарды қызмет саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдеттегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесінде макро — микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай қоржыны бар.
Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, «көктен түскендей» тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімін соған арнадық.
2. Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері
Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын — алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады.
Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы елдердің бірі — Германия мысалынан бастайық. Ел экономикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің
жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру шығындарын анықтайды.Осындай макроэкономикалық тенденциялар төлем қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру, әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі. Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем дегенде 35 % — ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.
Кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау жолымен жүргізіледі:
— кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық — құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін қалыптастыратын құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;
— кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын талдау өндіріс жағдайларының және өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;
— кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау
барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны анықталады;
— кәсіпорынға қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау және қаржылық жоспарлау кәсіпорын активтерін бағалауға, олардың өтімділігін, нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың стратегиясын бағалауға және бизнес — бағдарламаны қаржыландырудың ең тиімді көздерін анықтауға бағыттылған;
— ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін, менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның біліктілік деңгейін, акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;
— кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор — салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі, бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің әсері.
Осы аталған факторлардың және заңдылықтың ресми мөлшерлерінің жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше құқықтық нормаларды бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару органдарын күштеп жою.
Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі — стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.
Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді ……
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com