Курстық жұмыс: Экономика | МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ » ZHARAR

0

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………………….3
1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ………4
1.1Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері…………………4
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері …………………..8
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері…………….13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ………………..19
2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау ……………………….19
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………….29

КІРІСПЕ
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
1.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған /1/.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы — адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады – жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады/2/.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады:
Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б /3/. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б. /4/.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да (мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді /5/. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады. Қайтарымсыз төлемдер (трансферттер) экономикалық іс-әрекет деңгейімен қатынаста қарастырылуы мүмкін.
Мемлекеттiк бақсарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын құрайтындар келесілер болып табылады:
— Қазақстан Республикасының Президентi;
— Қазақстан Республикасының Парламентi;
— Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
— Қазақстан Республикасының Үкiметi;
— экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
— бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
— бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
— iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
— мәслихат;
— жергiлiктi атқарушы орган /6/.
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды; Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды; Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi; Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi; Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Парламентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджеттi, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi; Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентке жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында:
республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп емлекеттiк қаржы бақылауының стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады /7/.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi; бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады; байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi; бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық аспектілері
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады. Бұл комиссия Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарастырады.Бюджеттік процесте басты рөлді Қаржы Министрлігі атқарады. Ол ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып, территория дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қарастырылатын квартал сайын “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда аналитикалық және кестелі-графикалық материалдармен көрсетілген есепті мерзім ішіндегі экономика дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді, қалыптасқан негативті факторларды шешудің жолдары көрсетіледі, және де алдағы кварталға экономикалық дамудың болжамы беріледі. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік эксперттердің ақпараттарына негізделеді.
Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың нақты көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңнамамен көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың салааралық үйлесуін басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет жобасын құрастырады /8/.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі өкілетті органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық Банкісімен келісе отырып жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын Республикалық индикативті жоспар жасалынады. Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін, формасын жібереді. Одан кейін Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге арналған экономика дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді. Республикалық индикативті жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта жібереді.
Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып, бөлімдердің түзетілуі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік тапсырыстардың қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың ары қарай нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын. Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді жоспарлау мәселесін бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және көбінесе, өздерінің негізгі функцияларына «тиімсіз» жұмыс істеген /8/.
Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің нақты мәселелерін шешуге көмектеспеді және де ең бастысы қабылдау керек болған шаралардың, және іске асыруға жататын бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз ету сұрақтарын шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу өте қиын.
Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр түрлі бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com