Сауат ашудан сабақ жоспары: Әдеби емес мәтін жазу (1 сынып, 8 бөлім ) » ZHARAR
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың — жаны сау»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби емес мәтін жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді
Сабақтың мақсаттары: мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады,
әріп пен дыбысты ажырата біледі, сөзді дұрыс жазады
өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты төменде берілген өлең жолдарымен бастау.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем!
ОМ таныстыру
Бүгін сабақта:
• Әдеби емес мәтін жазып үйренесіңдер
(Ұ) Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.
«Кім шапшаң» ойыны
1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2. Қандай заттар тағам құрамына кіреді?
3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
4. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?
5. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?
Әдеби емес мәтіндер дегеніміз не?
-әдеби емес мәтіннің қарапайым ерекшеліктерін атап өтіңдерші.
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болады, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың — салауатты өмір салтын сақтау.
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек.
«Бірлесіп жазу» әдісі
Денсаулықты күтудің жолдары.
1.Айқын жасалған күн тәртібінің болу керек.
2. Дұрыс тамақтанғаның дұрыс.
3. Дұрыс тынығу қажет.
4. Дене еңбегімен шұғылданудың да пайдасы бар.
5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенде.
6. Табиғат аясында бол.
7. Зиянды әдеттерден сақтан.
8. Дұрыс қозғалыста бол.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
— Денсаулық.
Денсаулық туралы «Тапқырлық» сайысы.
Мақал – мәтелдерді аяқтау.
1. Денсаулық -…………………… (зор байлық)
2. Тәні саудың -………………….. (жаны сау)
3. Емнің алды -………………………….. (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -…………….. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -………………… (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын…………. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса……. /аузыңды тый/
Бірлесе отырып дұрыс тамақтану ережесін құрып жазайық:
1.Майлы тағамдарды көп пайдаланба.
2.Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтан.
3.Тәттілер көп, ал денсаулық біреу-ақ.
4.Жеміс – жидектер — пайдалы тағам.
5.Күніне 3рет, бір уақытта тамақтан.
6.Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.
7.Тым ыстық не суық тамақтан тіс эмалі бұзылады.
8.Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян. ….
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com