Кеудесі өсіп кеткен жас жігітке 8 миллиард доллар төленуі мүмкін

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Risperdal» препаратын қабылдаған жас жігіттің сүт безі тіндері өсіп кеткен, дәріде жанама әсері туралы ескертілмегені анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Американың Филадельфия қалалық алқабилер соты Мэриленд штатының тұрғынынан түскен арыз-шағымды қанағаттандырды. Оған сәйкес, Johnson & Johnson компаниясы 8 миллиард доллар өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлады Wall Street Journal.

Николас Мюррейдің айтуынша, Американың ірі компаниясы «Risperdal» деген препараттың жанама әсері туралы ешқандай ескерту жасамаған. Ол бала кезінде 2003-2008 жылдары аралығында осы дәріні шизофрения және биполярлы бұзылуға қарсы қабылдаған. Алайда бертін келе, препараттың жанама әсері көріне бастайды. Жас жігіттің сүт безі тіндері өсіп кеткен. Оның ойынша, Johnson & Johnson медициналық препараттың жанама әсері жайында білген. Бірақ рецепт жазып беретін дәрігерлерді ескертпеген.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында әйел басындағы битін тазалаймын деп қызын өлтіріп алды 

Осыдан төрт жыл бұрын алқабилер соты компанияны 1,75 миллион доллар көлеміндегі өтемақы төлеуге міндеттеген болатын. Дегенмен, артынан ол сома 680 мың долларға дейін төмендетілді. Ал Мэриленд штатының тұрғыны қарсы шағым түсіріп, 8 миллиард долларды талап етті.

Johnson & Johnson соттың соңғы шешімімен келіспеді. Компания мамандары өтемақының алғашқы және соңғы соманың айырмашылығы жер мен көктей деп отыр. Сондықтан қарсы шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Олар сот үкімінің жойылатынына сенімді.



sputniknews.kz