Шкарупамен бірге тағы екі шенеунік тұтқындалды — новости Казахстана

0

Республиканың бас прокуратурасы тағы екі шенеунікті тұтқындауға санкция берді. Нәтижесінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры басқарма төрағасының бұрынғы міндетін атқарушы Қайсар Байдалы және «ENERCO» ЖШС директоры Ерлан Нәбиев қамауға алынды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Kz.utro.news

Фото: Kz.utro.news

Қайсар Байдалы мен Ерлан Нәбиевті тұтқындауға санкция Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупамен бір мезгілде берілген.

Шенеуніктер Қарағанды облысының Саран қаласында жылу есептегіш құралдарын сатып алуға және орнатуға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Тергеу материалдарына сәйкес, Саран қаласындағы жылу трассасы мен орталық қазандыққа 215 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенімен, салынбапты.

Артынша қордың аталған соманы «ENERCO»ЖШС заңсыз аударғаны анықталған екен.

Ұрланған қаражат жалған кәсіпорын арқылы қолма-қол ақшаға ауыстырылып, сыбайластардың арасында бөліске түскен.