Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері (5 сынып, III тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері (5 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері (5 сынып, III тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көлік және жол белгілері
Сабақтың тақырыбы: Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: ӘТН 5 Пунктуациялық норма. Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін мәтін ішінен анықтайды.
Көптеген оқушылар орындай алады: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Төл сөз автор сөздерінің орындарын еркін ауыстырып, қолданады. Жанрлық ерекшеліктеріне сай хабарландыру құрастырып жазады. Хабарландыру түрлерін ажырата алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Суреттер бойынша оқушыларды топтарға бөлу.
1. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жол.
2.Жаяу жүргіншілерге арналған жиек жол.
3.Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты жолы.
4. Жаяу жүргіншілерге арналған аспа жол (көпір).
Суреттер бойынша ортақ тақырыпты анықтау.
— Барлық суреттерде жаяу жүргіншілерге арналған жол түрлері берілген. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты хабарланады.
Мағынаны ажырату
1.Тілдік бөлім
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздердің тыныс белгілері. Қабілеті жоғары оқушылардын төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілері сызбасы сұралады. Мұғалім пысықтайды.
Мысалдар Орын тәртібі мен тыныс белгісінің сызбасы
Мұғалім: «Балалар, сендер жолда жүру ережелерін білесіңдер ме?» –деп сұрады. Автор сөзі: «Төл сөз?» –автор сөзі.
Мұғалім:
–Балалар, сендер жолда жүру ережелерін білесіңдер ме? – деп сұрады. – Төл сөз? – автор сөзі.
Мұғалім балалардан жолда жүру ережелерін білетін-білмейтіндігін сұрады. Тыныс белгісі қойылмайды.
Оқылым алды сұрақ: Көлік жолында салынған жолақ жолдың жаяу жүргінші үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыздар?
Мәтінмен танысу.
(Жеке танысып, жұпта әңгімелейді)
«Мейірімді ала құлан» ертегісі
Ертеде Африкада жолақты кішкентай ала құлан (зебра) өмір сүріпті. Ол ақкөңіл және мейірімді екен. Ала құлан Африка жануарларының бәрімен де тату-тәтті өмір сүріпті.
Бірде құрылысшылар келіп, бұлар мекендейтін аймаққа үлкен жол салған екен. Бұл жолмен автобустар, жеңіл және жүк көліктері тоқтаусыз ағылып жүре бастапты. Еркіндікте өмір сүріп үйренген Африка жануарлары енді жолдың арғы бетіне өтуге қорқатын болыпты.
Бірде түйеқұс жолдың арғы бетінде тұратын әпкесіне қонаққа бармақшы болады. Ол жолдан өтуге қорқып ала құланға
Бүгін жолдың арғы бетінде тұратын әпкеме қонаққа бару керек едім. Бірақ үлкен жолдың арғы бетіне өтуге қорқып тұрғаным депті. Сонда ала құлан көп ойланбастан
Жүр, мен саған жолдың арғы бетіне өтуге көмектесейін депті. Екеуі жолға жақындағанда ала құлан жолдың ортасына барып тұра қалады. Осы кезде ары-бері ағыл-тегіл тоқтаусыз өтіп жатқан көліктер тоқтаған екен. Өйткені ала құланның терісіндегі жолақтары алыстан жарқырап анық көрінетін еді. Түйеқұс болса көліктердің тоқтаған сәтін пайдаланып, жолдың арғы бетіне өте шығады. Ол ала құланға
Саған үлкен рахмет деп ары қарай кете барады. Міне осыдан кейін жаяу жүргіншілерге арнап жолақ сызық белгілері салынатын болыпты. Жүргізушілердің барлығы осы жолақ сызықты көргенде тоқтап, әрқашан жаяу жүргіншілерге жол береді екен.
1.2.Практикалық бөлім.
Мәтін бойынша төл сөз, автор сөзінің тыныс белгісін қойып,
төлеу сөзге айналдырыңыз.
(Қабілеті жоғары оқушылар төл сөз автор сөздерінің орындарын ауыстырып, тыныс белгілерін қояды).
Төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем Сызбасы Төлеу сөзге айналдыру
Дескрипторлар:
1.Жазылымда төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады.
2.Төл сөз бен автор сөзінің орнын еркін ауыстыра алады.
Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі
Сергіту сәті.
(Оқушылар жүргіншілерге жолақ жолдан өтуге көмектесу үшін алдын-ала қағаздарға жазып, жеке-жеке қиылған жолдар мен олардың сипаттамаларын сәйкестендеру қажет. Әр топтың тапсырмасын белгілі бір түсте дайындауға болады).
1-топқа
Жол түрлері Сипаттама
Айрық жол екіге, үшке айрылған жол.
Торап жолдардың тоғысқан түйілісі.
2-топқа
Арба жол көлік жеккен арба жол.
Аспа жол аңғар үстінен асылдыра салған ілме жол.
3-топқа
Асу жол тау жотасын, биік қыратты басып өтер өрлі жол.
Даңғыл жол сайрап жатқан тегіс, тақтақ жол.
4-топқа
Соқпақ адам, мал жүріп әбден тапталған жалғыз аяқ жол.
Сүрлеу көптен бері жүрілмеген көмескі жол.
2.Хабарландыру – бір нәрсе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.
Хабарлатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.
Хабарландыру құрылымының ерекшеліктері
Тақырыбы
Негізгі мәтін
Іс-шараның өтетін уақыты (күні, айы, жылы)
Іс-шараның өтетін орны
Ж.Ж — Т
Жазылым.
Сіздің мектебіңіздегі 4-сынып оқушылары арасында «Бағдаршамның үш көзі» тақырыбында мектеп ауласындағы асфальтта сурет салу байқауы өтпекші. Оқушыларды байқауға қатысуға шақырған хабарландыру жазыңыз. Хабарландыру құрылымын сақтаңыз. (60-80 сөз)
——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————
(Оқушылар жазба жұмысты дәптерде орындап, жұпта, топта оқиды. Топ оқушылары өздеріне ұнаған бір хабарландыруды сыныпта оқиды).
Дескрипторлар:
1.Хабарландыру құрылымын сақтап жаза алады.
2.Қабілеті жоғары оқушылар хабарландыру түрлерін ажырата алады.
Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі …..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com