Михаил Швыдкой Нұр-Сұлтанда «Наши герои» байқауының қатысушыларын марапаттады
Ресей президентінің арнайы өкілі Пушкиннің 220 жылдығына арналған «Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» XVI күзгі русистика мектебіне қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Ресейдің Нұр-Сұлтандағы ғылым және мәдениет орталығы «Наши герои» халықаралық байқауына қатысқан оқытушы-кураторларды, оқушыларды марапаттады.
Оларға Ресейдің Қазақстан Республикасындағы күндері аясында елордаға келген өнертанушы, тележүргізуші, медиаменеджер, қоғам қайраткері, мемлекет және мәденет қайраткер Михаил Швыдкой дипломдар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды.
«Бірге жасайық!» қозғалысы мен ТМД істері жөніндегі федералды агенттік, шетелде тұратын отандастар және Россотрудничество ұйымдастырған «Наши герои» акциясы 1 қыркүйекте басталды. Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысты.
«Төрт оқушы жеңімпаз атанды – Шілдібаева Әмина (Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы), Дауылбай Әділхан (№3 мектеп-гимназиясы, Нұр-Сұлтан), Бариев Мирас және Бухонина Анастасия («ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Петропавл). Олар енді 17 қазаннан 7 қарашаға дейін «Артекте» өтетін халықаралық кезеңде Қазақстанды таныстырып, өз жобаларын қорғауы керек», — деді Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Константин Воробьев.
Михаил Швыдкой ауқымды халықаралық жобаның жеңімпаздары мен кураторларын шын жүректен құттықтады.
Орыс тілі не үшін керек?
Ресей президентінің арнайы өкілі мұғалімдерге жолдауында орыс тілінің рөлі мен маңыздылығын атап өтті.
©
Sputnik / Абзал Калиев.
XVI Осенняя школа русистики
«Тіл – бұл қарым-қатынастың өте маңызды құралы. Бірақ байланыс пен қарым-қатынастың арасында үлкен айырмашылық бар. Қазір тіл өте көп, соның ішінде ағылшын тілі әлемді тану және қандай да бір рухани байланыс жасаудан гөрі қарым-қатынас құралына айналуда. Адамдар жеңіл-желпі сөйлесе алады, бірақ тілге терең бойлауға және оның көмегімен әлемді тануға – білім жеткіліксіз», — деді Шведкой.
Оның айтуынша, үздік туындыларды ұлттық тілдерге аударудың мемлекеттік бағдарламалары, әрине, мемлекеттердің мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Дегенмен Швыдкой тіпті әлемдік классиканы алсаң да, «әлемдік әдебиеттің орыс тіліндегідей ауқымды әрі сапалы аудармаларын таба алмайсың» деп санайды.
Бір шаңырақ астындағы үш көрме
Сонымен қатар, Михаил Швыдкой Михаил Лермонтов пен Тарас Шевченконың 205 жылдығына арналған «Бір дәуірдің екі данышпаны» көрмесін, сондай-ақ, Николай Константинович Рерихтің 145 жылдығына арналған ұлы орыс суретшісі, жазушы, философ, ғалым, саяхатшының өмірі мен шығармашылығына арналған «Махаббат әлемді жасауы мүмкін» атты экспозицияны ашты.
Сонымен қатар «Ресейдегі монастырьлар және монах өмірі» көрмесі өткізіледі.
Көрмелерді 1 қарашаға дейін Ресей орталығының залдарынан көруге болады.
sputniknews.kz