Тоқаев пен Лавров Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді
Қысқа сілтеме алу
Ресейдің Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді. Сергей Лавровтың ресми сапары 8-9 қазан күндеріне жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 8-9 қазанда астанаға келеді. Бұл туралы брифингте Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Ресми сапары аясында Сергей Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі деп жоспарланып отыр.
«Сыртқы істер министрлері Қазақстан-Ресей әріптестігінің негізгі мәселелерін талқылайтын болады. Біріккен ұлттар ұйымы, ТМД, ЕАЭО, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сынды халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы екі елдің өзара әрекеттестігі сөз болады», -деді брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Екі елдің сыртқы саяси ведомствосының басшылары жаһандық, өңірлік қауіпсіздік және қазіргі заманның сын-қатерлері мәселелерін де сөз етеді.
sputniknews.kz