Асқар Жәкенов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болls
Қысқа сілтеме алу
Жәкенов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін премьер-министр кеңсесі бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Асқар Жәкенов Қазақстан премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Асқар Жәкенов туралы не білеміз?
1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында бастады. 1999 жылы ҚР Әділет министрлігіне жұмысқа қабылданды, онда жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейін қызмет етті.
2004 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.
Тағы оқыңыз: Бірғаным Әйтімоваға жұмыс табылды
2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2013 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
sputniknews.kz