Тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтаған: президент әкімшілігі тапсырма берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Атырау облысында тамыз айында нәресте өлім-жітімі көбейген. Қазір өңірде денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия жүр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президентінің әкімшілігі Атырау облысында сәби өлім-жітімін азайтуға байланысты тапсырма берді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір денсаулық сақтау вице-министрі, тауарлар мен қызеттер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы бастаған комиссия Атырауда жүр.

«Сондай-ақ, біз медицина университеттері ғылыми орталықтарының жетекші мамандарын жібереміз. Жан-жақты, толық талдау жүргіземіз. Өйткені Атырау облысында нәресте өлім-жітімінің артуы тамыз айында байқалған болатын. Президент әкімшілігінің тапсырмасымен бұл мәселені пысықтап жатырмыз», — деді Біртанов үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, Қазақстанда жылына 2,5 мыңға жуық сәби шетінейді. Жыл басынан бері 2200 нәресте шетінеген. Өлім-жітім ең көп Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарында тіркелген.

Тағы оқыңыз: Астанада дәрігерлер қателесіп әйелдің омырауын кесіп тастаған

Еске сала кетсек, Атыраудағы облыстық перинаталдық орталығының басшысы жаңа туған сәбидің өліміне қатысы бар деп айыпталып отыр. Жемқорлыққа қарсы агенттік дәрігерлердің тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтіргенін хабарлады.

Ақ халаттылардың салғырттығынан тірі туған шақалақ құжатқа шетінеп кетті деп жазылған. Дәрігерлер тірі екенін білген кезде, қылмысын жасыру үшін сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтірген.



sputniknews.kz