Бес жануар сарқырамадан пілдің баласын құтқарамын деп өздері де өлді – видео
Қысқа сілтеме алу
Ұлттық парктің қызметкерлері пілдердің дауысын естіп, сарқырамаға келген, олар суға батып өлген алты пілді тауып алды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Оқыс оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Хао Яй ұлттық паркінде болды. Бес ересек піл сарқырамаға құлаған пілдің баласын құтқарамын деп өздері де өлді.
Трагедия сенбі күні, 5 қазанда болды, деп хабарлады Matichon Online.
Ұлттық парктің қызметкерлері пілдердің дауысын естіп, суға батып кеткен үш жасар пілдің баласы мен шала-жансар жатқан екі ересек пілді ағыстан тауып алған. Олар оны құтқарамын деп, әбден қалжыраған.
Құтқарушылар сарқыраманың түбіне түсіп, суға батып өлген тағы бес пілді тауып алды.
Тірі қалған жануарлар бірнеше сағаттан кейін арқанның көмегімен шығарылды.
Осыған ұқсас оқиға 27 жыл бұрын – 1992 жылы болған, ол кезде сегіз піл өлген.
sputniknews.kz