Реферат: Шоқан Уалихановтың саяси көзқарасы
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихи-адамзаттық рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси ілімі мен тәжірбиесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтық даму тарихы, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) − заманның жан-жақты білім алған оқымыстысы, саясатшы, қазақ тарихы әдебиетінің зерттеушісі, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына тарихи дәуір тұрғысынан кең көлемді шолу жасаған ғалым. Шоқан Уалихановтың дүниетанымына, рухани жетілуіне Омбы кадет корпусының прогресшіл ниетті оқытушылары мен қазақ даласына қуғындалып келген халықшылардың үлкен әсері болды.Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарастарында деомакратиялық бағыт қалыптасуына 1859-1861 жылдар аралығында Петербургте алған білімдері мен крепостойлық құқықтың жойылу қарсаңындағы революциялық қозғалыс,заманының алдыңғы қатарлы идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал еті. Ел даланы еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта қалғандығына көзі анық жетіп, оның болашақ тағдырын ойлады.Ресейдегі және де Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістермен жақсы таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың зардаптары туралы ұсыныстары мен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті. Ол жалпы қазақ-орыс халықтары арасындағы байланыс арқылы, Ресейдің озық мәдениетінің көмегімен, сауатсыздықтан, саяси-әлеуметтік мемеуліктен арылып, өркениетті елдер қатарына қосылуды армандады. “Қазір ескі мен жаңаның арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте қатал күрес жүріп жатыр. Бірі мұсылмандық шығысқа, екіншісі орысқа еліктейді” –деп тарихи дәуірде өмір сүрген қазақ ойшылдарының көзқарастарындағы қайшылықты көрсетеді. Шоқан шығармаларында халық өмірінің ең бір маңызды мәселерін көтеріп, өркениетті даму мен демократиялық билік жүйесін қолдаушы, өмір сүрген әлеуметік ортасы кертартпалықтарының қатал сыншысы болды. Арный білім алған ол, көптің көзіне түсе бермейтін отыршыл үкімет жүргізіп отырған қаталдық, әділетсіздік, теңсіздік, сұрқия саясаттан туындайтын құпия істерді көрді. Қазақ жерінде өктемдік пен заңсыздықтың ошағы болған отаршыл үкіметке сый айтты, орыс достарына жазған хаттарында ол туралы “…… халықты ашықтан – ашық аямай сорады” -дейді.
Уалихановтың саяси өмірі салаларының даму үдестеріне тарихи дәуір тұрғысынан жаңа пікір танытқан “Сот реформасы жайында” еңбегі. Ол қалың бұқара мен бүлік иелері өкілдерініің мақсат мүдделерінің айырмашылығын тап басып, қазақ даласында жүргізілмекші реформаның өзектілігі төңірегінде мәселе көтереді. Дәуір ерекшелігіне сай халыққа экономикалық және әлеуметтік реформалардың тиімділігі мен жайлылығын “саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек” және “адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса да кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ”,- дейді. Шоқан реформа жасауға асығыстыққа жол бермеуге, жергілікті халықтың әдет-ғұрып ерекшелігін ескеруге шақырады. Жан-жақты талданып, қоғамдық, әлеуметтік орта дами алатындай прогресс заңына негізделіп реформаның ғана ұтымды болатынын ескертеді.
1822 жылы Сібір қырғыздарының Жарғысын сынға алып, мұндай асығыс жасалған реформалар апат етеді және прогресс жолына кедергі келтіреді деп есептеп, қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы өзінің жобасы мен пікірін Ресей империясының отарлау әкімшілігіне ұсынады. Халық тұрмысын жақсартуға бағытталған реформалар ғана кездейсоқтыққа ұрындырмай, өз мақсатына жете алады. Оның сәтті шығуы мен көздеген мақсатқа жетуі үшін “халық пікіріне сүйене отырып жасалуы керек”. Ол қазақ халқының өз пікірін білдіре алмайиын “тағылығы мен тұрпайылығы” туралы көзқарасқа қарсылық білдіріп, “халық пікіріне дұрыс баға беру үшін комитет қазақтың қауымдық қатысына, олардың орыс өкіметіне тікелей қатысына назар аударуы қажет”, — деп жазды. Онда қазақ қоғамы дамуының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, саяси өмірдің түрлі салаларын терең зерттеп, зерделеп, әлеуметтік құрылыстардың негізі болатын теорияларды сын көзбен ой елегінен өткізу керектігі атап көрсетіледі. Шоқан француз ойшылы Вольтердің “ Халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды күшпен тақуға болмайды ” – деген идеясын толық қолдайды.Оның демократиялық көзқарастары өз халқының азаттыққа жетіп, нағыз білім алуын армандағанынан көреміз. “Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім қажет”, — дейді.
Заманының саяси-әлеуметтік қайшылықтарын көре білген Шоқан қазақ қоғамын сұлтандар мен қожалар, билер мен байлар және “дала пролетариаты” деп айтқанындай кедейлерге бөлді. “Сұлтандар мен билердің пікірлері қадір тұтуға тіпті де лайық емес, өйткені түгел бір ұлттың мүдделері, шын әділдігіне келгенде жеке сословиялық топтың көретін пайдасынан анағұрлым жоғары тұруы керек” – деп, жалпы бұқара мүддесіне сай келетін реформалық билікті көздегеніне көз жеткіземіз. А.Н.Майковке жазған хатында “жергілікті сұлтандармен, байлармен тату емеспін, өйткені олар өздерінің бұрынғы құлдарын жаман ұстайды…. олармен шығыспасам да, оның есесіне дала пролетариатымен қатты доспын және олармен тез-ақ үйлесе кетемін”, — дейді.Алдыңғы қатарлы демократиялық көзқараста жазылған Шоқанның реформалары туралы еңбегінде, қазақ даласына отарлау әкімшілігі тағайындаған соттардан гөрі ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін жақсы білетін билерді пайдаланудың тиімділігі айтылады. Патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісін қайта құрудағы кемшіліктерін сынап сол тарихи дәуір үшін билер сотын артық көреді. Халық арсында шешендігімен, әділеттігімен көптің көңілінен шыққан адам ғана билікке қол жеткізген. “Ал патша үкіметі сайлаған сот билігі уақытқа дейін сот міндетін атқаратын болды, оның іс-әрекетінде мемлекеттілік пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз, парақор, болатынын дәлелдейді. Халық дұрыс дамуы үшін, алдымен оған қажет нәрселер − өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және сот болуы керек. Уалихановтың ойынша, дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зиян тигізеді” деп қорытындылайды зерттеуші ғалымдар – А.Қасебеков пен Ж.Алтаев.
Қазақ даласында сот реформасын жасау үшін халық пікірін білу мақсатында құрылған комитеттің (төрағасы Сібір облыстық басқарманың кеңесшісі И.Е.Ященко) жобасын сынаған Шоқан билер сотының бұл жобадан әділ екендігіне баса назар аударады. Бұл артықшылық туралы, “Біздің ойымызша, егер өсіп-өнудің жоғарғы сатысы мен төменгі сатысындағы үйлесімділікті, ұқсастықты ескерсек, мировой соттан билер сотының ең болмағанда қазақ үшін кейбір айырмашылығы барына таңғалуға болмайды. Дәріптеп жіберіпті деп айтудан жасқанғанымыз болмаса, артықшылығы басым дер едім”. Билер соты қай жағынан алып қарағанда да Ресей өкіметі дайындаған сот реформасынан әділ, онда “қазақтың әдеттегі құқығының адамгершілік жағы басымдау”. Сырттан келген заңдарға қарағанда қазақтың рухына , әдет-ғұрпы, тұрмысы мен мінез-құлқына жақын келетін заңдар ғана тиімді. Ең қолайлысы, “өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп өсіп-өнген заң ғана болмақ”. Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының тағы бір артықшылығы, қолданылатын жазалардың тым қатал емес екендігі мен гуманистігіне де айқын көрінеді. Тәуке хан тұсындағы “қанға-қан” принціпінің құн төлеу принціпімен алмастырылуы да әдет-ғұрып нормаларындағы жаза мөлшерлік жеңілдетті. “ Қазақ заңында европалық жаңа кодексте сіресіп тұрған ескертетін, сескендіретін шаралар жоқ.Қазақта тән жазасы ешқашан болған емес, Ру заңы бойынша, туыстардың бірінің ісіне бірі жауап беретін руластық жағдайы ру қатынасында іс жүзінде көп пайда келтіріп отыр.”
Патша өкіметі қазақ даласын округтер арқылы басқару түрін енгізгеннен кейін Шоқан отаршыл әкімшілік құрған басқару ісіне халық өкілдерін көбірек қатыстыру арқылы елдің саяси әлеуметтік жағдайы біршама жақсартуға болады деп есептеді. “Баянауыл округі туралы” (1854ж.) мақаласында жаңа әкімшілік аймақтарды басқару үшін қазақ халқының тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, мұң-мұқтажын жақсы түсінетін қазақтарды қою қажеттігі туралы жазды. Шоқан бұл мақаласында сырттан келген чиновниктер халықтың дәстүрлі тұрмыс-салтын, оның өзіндік ерекшелігін білмегендіктен ел басқаруға қабілетсіз болатындығы және зорлық-зомбылыққа жол беретіндігін дәлелдейді. Ол әкімшілік аймақтар басына халыққа беделді де, білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік әділдік орнатуға болар еді деп үміттенеді.
Шоқан бұл идеясын өзін сұлтандыққа ұсыну арқылы дәлледемекші болды.1862 жылы Атбасардың аға сұлтаны сайлауына өз кандидатурасын ұсынады.Ф.Достоевскийге жазған хатында “Бір кезде менің өз отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиновниктер мен қазақ байларының озбырлықтарынан қорғайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетім де болған. Сондағы көбінесе ойлағаным – оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестеріме өз ісімен көрсету еді”, — де жазады.
Француз ағартушысы Вольтердің “ағартушы билеуші” идеясын жақтаған Шоқан білімді ғана халық мүддесін қорғай алады деп есептеді.
Шоқан Уалихановтың оқырман қауымға, “Абылай”, “Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары”, “Елдегі мұсылмандық туралы”, “Қазақтардың ежелгі қару-жарақтары”, “Жоңғария очерктері”, “Қазақ шежірелері”, “Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы”, “Құлжа күнделіктері” т.б кең танымал еңберкері төл мәдениетіміздің саяси, рухани өмір салаларының өзекті мәселелеріне тікелей қатысты.
Уалиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген патшаның отаршыл үкіметін батыл сынады.
Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып “ашықтан-ашық аямай сорады” деп , халқын тонап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды.
Шоқан адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуы шарт еді. Ол еркіндікті де дұрыс пайдалана беру керек. Ол үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады.
Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты − халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді. ….
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com