Головкиннің жанкүйерлерінен нені жасырғаны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Головкиннің командасы қазақстандық боксшының жекпе-жек алдында ауырып қалғанын құпия ұстауды жөн көрген
НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында ауырып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Геннадий Головкинмен араласатын промоутер Эдди Хирн айтты.
«Эдди Хирн GGG-дің жекпе-жекке ауырып шыққанын хабарлады. Ол өзін жайсыз сезінген. Боксшының командасы мұны құпия ұстаған», — деп жазды FightHub журналисі Маркос Виллегас желідегі парақшасында.
Eddie Hearn just informed me that GGG was sick coming into this fight. He said he found out today that GGG was under the weather. The camp kept a very tight lid about it.
— Marcos Villegas (@heyitsmarcosv) 6 октября 2019 г.
Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.
©
REUTERS / Joe Camporeale/ USA TODAY Sports
Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өткен жекпе-жек
Кездесу 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Жекпе-жектен кейін екі боксшының да ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.
sputniknews.kz