Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көшпелі өркениеттер фестивалі (7 сынып, I тоқсан )

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көшпелі өркениеттер фестивалі (7 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көшпелі өркениеттер фестивалі (7 сынып, I тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениеттер фестивалі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
7ӘТН3 Лексикалық норма: Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Айтылым барысында мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
Сабақ барысы: Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аударту. Үй тапсырмасы тексеріледі. Топтар бір-бірінің зерттеу жұмыстарын бағалайды.
Оқушылардың тақырыпқа қатысты білімдерін тексеру, өткен сабақты пысықтау мақсатында жорға сұрақтар қойылады.
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Қойбағар, Арпаөзен, Таңбалы жерлеріндегі /Іле — Шу аңғарлары/жартастардағы суреттер не дейді? Бұл туралы кім жазып қалдырған?
Жауап: 4 — 6 доңғалақты арбалардың кескініне қарағанда сақтар жылқыны арбаға жегіп, көші — қонға пайдаланған. Бұл туралы Гиппократ: «Арбалар өте шағын, төрт дөңгелекті, 6 дөңгелекті арбалар киізбен жамылған күркелі арбалар да жасалады, олар жаңбыр мен желден пана. Бұл арбаларда бабалр мен әйелдер тұрады, ерлер қашанда ат үстінде болады»
деген.
3. Көшпелілер арбаға не жеккен? Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі?
Жауап: Мұндай арбаларға өгіздер мен түйелер жеккен. Бұл туралы грек тарихшылары сақтардың ағаштан жасалған үйлерде тұрып, қыста оның үстіне тығыз ақ киізбен жабатынын айтады.
4. Жерге талас шықққанда «Бұл жерде менің ата — бабамның сүйегі жатыр, сондықтан бұл менің жерім» деген сөзге не айтуға болады?
5. Отқа май күю салты бар, оны қалай түсіндіруге болады?
Жауап: Келін түскенде, күйеу алғаш келгенде – отқа май құйған. Ол жаңашылдықты, өзгерісті аңғартқан.
6. «Аң стилі» дегенді қалай түсінесің?
Жауап:
Әр түрлі бұйымдарға салынған жануарлар мүсіндері өзінше бір үлгідегі бойтұмар мен тұмаршалар болған. Ол тайпалар өмірін, қиялын, аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас — тартыстарды, жаулаушылық кездерді білдіреді.
7. Бұл өнер туындыларынан нені байқауға болады?
Жауап: Аталмыш өнер туындыларынан сақ заманында батырлар жыры болғанын байқауға болады. Бұл туралы В. И. Абаев, М. П. Грязнов еңбектерінде айтылады.
Сабақ тақырыбын болжату үшін бірнеше суреттер ұсынылады.
Сабақ тақырыбы анықталған соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Жорға сұрақтар арқылы анықталған А, В, С деңгейлі оқушылар топқа бөлу кезінде ескеріледі.
Тыңдалымалды тапсырма. «Фестиваль» сөзіне ассоциация құру.
Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар «Көшпелі өркениеттер фестивалі» деген тақырыпта репортаж мәтінін тыңдайды. Тыңдалым барысында көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жазып алады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа сәйкес фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, шағын жоба дайындайды.
1-топ: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек»;
2-топ: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек емес»;
3-топ: «Көшпенділер өркениеті» фестивалінің маңызы»;
4-топ: Сарапшы топ. Топ мүшелерінің саны тақ болады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сарапшы топ өзге топтарды бағалайды, бағалау кезеңінде ең алдымен бағалау критерийін ойластырып алуы керек. Оны мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып жасауға болады. Сонымен қатар, әр топтың жауабына қатысты екі жақсы пікір, бір ұсыныс айтады.
Тапсырма пікірталасқа құрылады.
 1 және 2 топ өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғау үшін шағын жобалық жұмыстар әзірлейді. Екі топтың да мақсаты Сарапшы топтың алдында өз көзқарастары мен ұстанымдарын сенімді дәлелдеп, олардың дауыстарына ие болулары керек. Қай топ көп дауысқа ие болса, сол топтың жұмысы жемісті болды деген сөз.
 Сарапшы топтың қызметі – жобалық жұмысты қорғау кезінде сұрақтар қоюы, кейін өзінің қай топты таңдағанын және оны неге таңдағаны туралы дәлелдеп бере алуы керек. Сондай-ақ, екі топты жетістік критерийлері бойынша бағалап, мұғалімге тапсыру.
 «Сырт көз» бұл мұғалімнің сарапшылардың жұмысын бағалауы.
Ол сарапшылар қаншалықты сұрақ қоя алды? Қаншалықты әділ баға берді? Өз таңдауларын ашып айта алды ма? деген тәрізді қадағалау жасайды.
Жобалық жұмыс нәтижелі болу үшін жетістік критерийі құрылады.
Дескрипторлар:
— Айтылым барысында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;
— Нақты фактілер келтіреді;
— Қорғау кезіндегі спикерлердің тіл байлықтарының молдығы, тіл тазалағы;
— Сарапшылардың сұрағына тез әрі нақты жауап беріп, шешім қабылдайды.
Тапсырмадан соң:
Үш топ өз жобаларын қорғап болған соң, сарапшы топтар өз пікірлерін айтып, үшке бөлініп тұрған топтың бірін таңдап, солардың қасына барып тұрады……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com