Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты
Қысқа сілтеме алу
Сарапшының айтуынша, нан сатып аларда, әсіресе, тізімнің басындағы ингредиенттерге ерекше мән беру керек
НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Дәрігер-диетолог Елена Соломатина нан сатып аларда, өнімнің құрамына жіті назар аударуға кеңес берді.
Айтуынша, нан құрамы неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы. Нан құрамы ұн, су және тұздан ғана тұруы тиіс. Алайда наубайханашылардың дені мұнымен шектелмейді, деп хабарлайды «Российская газета».
Сондай-ақ, Соломатина қара нанның ерекше пайдасын атап өтті. Наның бұл түрі дәрумендер мен амин қышқылына бай екен. Оның үстіне қара нанның калориясы аз.
Десе де, диетологтың сөзінше, дүкен сөрелерінен нағыз қара нанды табудың өзі мұң. Әдетте, сауда орындарында сатылатын өнімнің құрамында қарабидай ұны өте аз болады.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар қызыл еттің адам өміріне қаупі туралы мәлімдеме жасады
«Наубайханашылар бидай ұны мен бояғыштарды пайдаланады. Қарабидай ұны атымен жоқ», — дейді дәрігер.
Сарапшы нан сатып аларда, өнім құрамына баса назар аударуға кеңес берді. Әсіресе, тізімнің басындағы ингредиенттерге ерекше мән беру керек екен. Ал соңғы жолақта аз-маз қосылған қоспалардың атауы көрсетіледі.
sputniknews.kz