Реферат: Физиология | Адам экологиясы

0

Адам экологиясы дегеніміз – ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын сандық және сапалық құрылымын зерттеу, реттеу көпшілікке экология саласынан білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральді парасаттандыру адамзат баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемеларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Адам экологиясы және халықтық экология дами түсуде.
Биосферада, ноосферада, экожүйелерде, биогеоценоздарда, табиғи және жасанды ландшафтарда фитоценоздардың, зооценоздардың, микробиоценоздардың тұрақты сақталуы – адамзат баласының ақыл-ойымен, іс-әрекетімен тікелей тәуелді екендігі айқындала түскені байқалады.
Сондықтан ХХІ ғасыр адамзат баласының ақыл-ойы, сана-сезімі кемелденген-нооэкология кезеңі деп атау орынды екенін айтпай кетпеуге болмайды. Өйткені биосфера компоненттерінің бүгінгі тағдыры мен болашағы адамзат баласының ақыл-ойының жетілуіне байланысты болады.
Экология ғылымының негізгі мақсаты – биосферамен ноосфера, экожүйе, биогеоценоз тұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің экологиялық білімі, мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болу қажеттігі күн сайын көрініп отыр.
Келешек жеткіншектерге экологиялық тәрбие мен білім берудің жер жүзілік даму кезеңдерінде тоқталатын болсақ, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО білім және ғылым мәдениеті туралы проблемалардан туындайды. Францияға (Парижде) 1968 жылы халықаралық конференцияда (Донеско) «Адам және биосфера» атты бүкіл дүниежүзілік бағдарлама қабылданды. Онда бірінші рет халықаралық деңгейде биосфера биоресурстарды қорғау және рационалды түрде пайдалану туралы бағдарлама қабылдап, ол орынды түрде экологиялық сипаттама алды.
1971 жылы Швейцарияда бірінші Европалық конференция ашылып, онда «Айналаны қоршаған табиғи орта», «Табиғат қорғау» прблемалары талқыланды.
1972 жылы Швецияда Стокгольмде «Қоршаған ортаны қорғау» проблемалары туралы білім мен тәрбие беру, 1977 жылы Грузияда (Тбилиси қаласында) өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕН ұйымдары экологиялық білім және тәрбие беру проблемалары туралы 40-50-дей неше түрлі шешімдер қабылданған болатын.

Глобальды экологиялық проблемалар

Токсикологияллық ластар Радиоактивтік ластар

Парниктік тиімділік «Озондық қабаттың»
Сұйылуы

Қыщқылды жаңбырлар Фотохимиялық шөмеле

Топырақтың тозуы Қалдықтар проблемасы

Ормансыз қалу Бос қалу

Мұхиттың ластануы Биосфера геноқорының
азаюы

Адам экологиясы

Биосферадағы глобальды экологиялық проблемелар.
Бұл қажеттіліктің сын ретінде талдауына, субъектің жан-жақты ойлану талабына, ұдайы өндіріс процесінде «адам – табиғат – қоғам» жүйесіне түзетулер енгізіледі. Қауіпсіздік және тұрақтылықтың дамуы тек қана мол интернационалдық негізінде іске асырылуы тиіс. Әлем бірлестігі өмірінен айыру қазірде мүмкін емес. Ендігі сөз болуға тиісті, ол ескі құрылымдардағы ұйымдастырудың келеңсіз процестері ғана емес, сонымен қатар құрылымдар мен процестердің қаіупсіздіктері мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде тиімділіктің анағұрлым жаңа түрлерін бірлесіп іздеу және оны іске асыру болып табылады.
Экология дегеніміз – тірі организимдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналып отыр. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады.
Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ақуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашарлатады.
Экологиялық болжам дегеніміз – адамзаттың және олардың табиғат процестеріне ықпалы арқасында табиғат жүйелерінің беталысын, яғни бағытын алдын ала айту. Болжамдаған құбылыстың ауқымы жағынан экологиялық болжам глобальды, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.
Глобальды болжамның алдына қоятын басты міндеті – проблемаларпдың нақтылы маңыздылығын анықтау және алдын ала межелейтін ұсыныстардың тиімді айқындау болып табылады.
Глобальды болжамды зерттеушілерге бірыңғай үлгі шеңберінде қарау және негізгі экономикалық, демографиялық және экологиялық процестерді глобальды түрде дамытуды болжамдауға мүмкіндік береді.
Адам биологиялық тірі организм және қоршаған табиғи орта үшін оның маңызын бағалау өте қиын екендігі белгілі. Сондықтан ол онымен тығыз байланыста. Адам организімі және басқа да тірі организімдер оттегі, су және тамаққа мұқтаж, өмірдің тәулік және маусымдық режимдеріне бағынышты, ауа райының өзгеруін, күннің интенсивті сәулеленуін сезінеді. Осы барлық белгілер және қасиеттер адамның биологиялық маңызын және оның табиғатқа тәуелді екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар адам қалған тірі организімдерден ерекше. Бұл тірі организм есті, пайдалы еңбекпен айналысады, ерекше әлеуметтік орта – қоғам жасайды, Адамзат қатынастарының заңдары логикалық, сәйкестілік, мақсаттылық және әділеттілігімен ерекшеленеді.
Адамның тіршілік әрекеті тек биологиялық жәнғе табиғат факторларымен ғана емес, сол сияқты әлеуметтік жағынан да регламенттелінеді. Адамдар табиғи ортаға, өздерінің тұтынушыларына бейімделу мақсатында ұжымдар мен бірлестіктерде бірлескен қызметтерге қатысады.
Адам экологиясы жаңа экологиялық ғылымның бағыты ретінде әліде тұрақты ғылым болып анықталмаған және дүниежүзі әдебиеттерінде бұл жөнінен әр түрлі пікірлер мен түсініктер кездеседі. Сонымен, адам экологиясы әлеуметтік-зкономикалық проблемаларды шешуде анағұрлым тиімді әдістері мен жолдарын үйретеді және адамдардың өмірлік жағдайларын жақсартады.
Адамдардың табиғи ортамен өзара қатынастарын ұтымды құрады.
Урбанизация процесі, немесе миграция, яғни халықтардың қалаларға көшіп қонуы, қала және оның маңындағы ортаға үлкен экологиялық жүктеме туғызады. Урбанизация – бұл әділетті, заңды процесс, қоғам мұқтаждығына сай болады. Адамдардың қалаларға орналасу формасы әлеуметтік-экономикалық артықшылығының айғағы болып табылады.
Ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда өндіріс, транспорт, байланыс тағы басқа салалар жақсы өркендеген. Бұл жерлерде мәдениет, сауда, денсаулық, тұрмыстық-коммуналдық қызмет көрсету жұмыстары да жолға қойылған. Сонымен қатар, соңғы жылдары селоларда жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты қалаларға келіп жұмысқа орналасу, сөйтіп халықтың елді мекендерден қалаларға келу миграциясы басталып жүр.
Соңғы он жыл ішінде республиканың қала тұрғындарының саны орта есеппен 4%-ке көбейген. Міне сондықтанда, көптеген қалалардың табиғи ортасы өздерінің тұрғындарының биологиялық және әлеуметтік жағдайларын қанағаттандыра алмай келеді. Болжамдық мәліметтерге қарағанда Қазақсатан Республикасында жуық жылдар ішінде қалалардың саны көбеймейді, бірақ оларда тұратын халықтардың саны 12 миллионға жетіп, олардың 65%-ті қалаларда тұратын болды. Қала тұрғындарының мұндай жоғары деңгейі қоршаған табиғи ортаға қосымша көптеген қиыншылықтар туғызады және оның жұмыс істеуін қиындатады.
Келеңсіз жалпы көп жағдайда тіпті көрсетілген сын құбылыстар қазіргі экологиялық жағдайдың дамуына шұғыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Осындай әрекеттердің қажеттілігі соншалық, экологиялық проблемаларды шешу басымдық дәрежеге айналып отыр. Мемлекеттер мен халықтар бұл проблемалардың маңызын мойындамай отырып, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны тиімді басқаруды нығайтады және жетілдіреді.
Экологиялық жағдайдың қазіргі ерекшілігі – ол ұлттық экологиялық жүйеге, сол сияқты халықаралық өмірдің әр түрлі саласына арттырушы ықпалын тигізеді. Қоғам мен табиғаттың бір-бірімен келісілген әрекеттері тек өндіргіш күштердің табиғатқа технологиялық әсері ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік факторлары да алдын ала анықталды.
Бүгінде экологиялық дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылу, барлық елдермен халықтардың жан-жақты күш салуымен ғана мүмкін болады. Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі бір қатар саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқада фкторлардың іс-әрекеттеріне әділ сүйенеді.
Қазақстан Республикасы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде көптеген мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықта болып келеді. 1995 жылдан 1998 жылдарға дейін 19 мемлекетпен екі жақты келісімдерге қол қойылды. Қазақстан табиғи ортаны қорғау жөнінде бірсыпыра халықаралық конвенциялар мен жобаларға қатысты.
Қазақстанның көпшілік аймақтары экологиялық қолайсыз аймақтарға жатады, экологиялық сипаттағы аурулар күннен-күнге көбейе түсуде, республиканың табиғи ресурстары барған сайын бақылаусыз пайдалануда. Сондықтан да экологиялық қауіп-қатер айрықша болып отыр.
Соңғы жылдары атмосфераға шығарылатын қоқыстардың жалпы көлемі біршама кемігені байқалады, себебі көптеген кәсіпорындар жұмыс істемей тұр. Алайда біріншіден, мұндай қысқару өндіріс көлемінің қысқаруынан едәуір кем болып отыр, демек өнім бірлігіне шаққанда ластану кемудің орнына арта түскен. Екіншіден, автокөліктер бөліп шығаратын улы газдармен ластаудың көбейгені мәлім. Өнеркәсіп өндірісі аз да болса кемігеніне қарамастан су көздерінің ластануы әліде азаяр емес. Әсіресе, халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету күрделі жағдайда болып отыр. Мұндағы басты проблемалар: суды тазарту технологиясының артта қалғандығы, жер бетіндегі және жер астындағы су көздерінің ластануы, ауыз судың техникалық мақсаттарға пайдалануы, ауыз судың өте көп мөлшерде ысырап болуы.
Қоршаған ортаның химиялық улы заттармен ластануы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Соңғы жылдары республикамыздағы елеулі экологиялық қатердің бірі — әскери және бейбіт мақсаттардағы ғарыштық ракета іс-әрекеттері. Ракетаның өте сұйық улы отыны – гептил Республиканың бірқатар аймақтарына көп мөлшерде таралуда.
Өтпелі кезеңдегі экономика жағдайында қоршаған табиғи ортаны қорғаудың қамын ойлау өз дәрежесінде болмай отыр. Сондықтан да еліміздегі приоритетті міндет – 1998 жылдан 2000 жылдарға дейін «қоршаған табиғи ортаның жағдайының нашарлығын төмендету» болады. Осы мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғат пайдалану министрлігі еліміздегі барлық кәсіпорындарда табиғат қорғау заңдарының орындалу барысын жан-жақты тексереді.
Қазіргі кезде елімізде 20 миллиард тоннадан астам өндіріс қалдықтары жинақталып отыр. Шығыс Қазақстанда осы қалдықтардың 71%-і шығарылған. Батыста – Каспий теңізінің акваториясы және осы территорияға тірелген жерлер де мұнаймен ластануда. Орталық Қазақстанда су көздері ластанған. Оңтүстікте жерлердің иесіз қалуы да кездеседі. Осыларға Семей мен Аралды да қосуға да болады, өйткені мұндағы экология жағдайы адам тіршілігіне өте қауіпті әсерін тигізуде. Тек қана Көкшетауды таза деген атаққа қосуға болады.
Шымкент қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Мұнда халықтың саны 400мыңнан асады. Қалада қорғасын, мұнай өңдеу, цемент зауыттары. 3 мұнай химиялық өнеркәсібі, 2 тыңайтқыш өндіру, 4 жылу энергиясы және бірнеше құрылыс материалдары кәсіпорындары бар. Ауа бассейінін ластаудың негізгі көздері өндіріс орындарының қалдықтары және автокөліктерден шығатын улы заттар. Жылма-жыл стационарлық көздерден 400мың тоннадан астам зиянды заттар тасталынады. Қаланың орналасқан жерінің төмен болуы және ауа райының ерекшелігі зиянды заттардың шашырап кетуіне кедергі жасайды. Міне, сондықтан да олардың барлығы дерлік қала және оған жақын жерлерде орналасып, өсімдіктерге, су объектілеріне, топыраққа тағы да басқаларына зиян келтіреді.
Бүгінде экологиялық қауіпсіздікке және оны тұрақты дамытуға өту Қазақстанның стратегиялық дамуының бірден-бір басты бағыттары болып саналады. Негізгі ойы мен мақсаты – қоғам және қоршаған ортаның бір-бірімен келісілген әрекеттеріне қол жеткізу, сол сияқты қолайлы экологиялық ортаны тұрақтандыру болып табылады.
2030 жылодарға дейін қоршаған ортаны жақсарту жөнінде төрт басымдық приоритеттік бағыттар белгіленіп отыр:
1. Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануы іске асыру;
3. түрлі-түсті жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу;
4. экологиялық білім беру;
Ұзақ мерзімді стратегия төрт кезеңге бөлінген:
• бірінші кезең – 1998-2000 жылдар аралығы;
• екінші кезең – 2001-2010 жылдар аралығы;
• үшінші кезең – 2011-2020 жылдар аралығы;
• төртінші кезең – 2021-2030 жылдар аралығы;
Әр кезеңдердің өз мақсаттары және олардың іс жүзіне асыру үшін жауапты міндеттер қойылған. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com