Қазақстанның қорғаныс министрі әскери бөлімдерді дабыл бойынша көтерді
Қысқа сілтеме алу
Қапшағай гарнизоны бөлімшелерінің бағыттауға қатысты тапсырмаларды орындаудағы мүмкіндіктері тексерілді
НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді.
Басты мақсат бөлімшелердің бағыттау тапсырмаларын орындаудағы мүмкіндіктерін тексеру болды.
«Толықтай жауынгерлік дайындыққа келтірілгеннен кейін бөлімше белгіленген аудандарға марш жасап, ол жерде қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлер әртүрлі шешімдер қабылдады», — деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.
Тексеріс барысында жеке құрамның дайындық деңгейіне, атап айтқанда, штаттық қару-жарақтармен әрекет етуге, тәжірибелік оқ атуға, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді жүргізу және пысықтауға ерекше назар аударылды.
Тексеру нәтижесі бойынша жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
sputniknews.kz