Жанармай жетпеген: Украинада ұшақ құлады    

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға «Львов» әуежайының маңында болды, алдын ала мәлімет бойынша, апатты жағдайда қонған ұшақтағы төрт адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша, Украинаның «Львов» әуежайының маңында Ан-12 ұшағы құлап, төрт адам көз жұмды.

Жанармай бітіп қалғандықтан, экипаж шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Апат чартерлік рейсті орындау кезінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам қайтыс болды. Жанармайдың бітіп қалуына байланысты апатты жағдайда қонған. Оқиғаны тергеу басталды», — деп жазды Владислав Криклии әлеуметтік желіде.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Украинаның инфрақұрылым министрлігінің басшысы қаза тапқандардың туыстары мен достарына көңіл айтты.

«Канелоның» жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады



sputniknews.kz