«WhatsApp-та жалаңаш видеосы тараған»: қазақ актері мән-жайды түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
Әлеуметтік желілерде екі ер адамның төсекте жалаңаш жатқаны түсірілген видео тараған, белгісіз біреулер Шәкіржановтың суретін де қосып қойыпты
НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Белгілі актер Қуандық Шәкіржанов WhatsApp мессенджерінде тараған видеодан кейін полицияға барып, арыз жазды. Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
WhatsApp мессенджерінде екі ер адамның төсекте жалаңаш жатқаны түсірілген видео тараған. Белгісіз біреулер видеоға Қуандық Шәкіржановтың суретін де қосып қойған. Мұны көрген актер полицияға барып арыз жазғанын хабарлады.
«Кеше бір оңбағанның жіберген видеосы үшін қазір арыз жазып шықтым. Жалаңаш ер адамдардың қасына менің суретімді қосыпты. Табылады, табамыз, Құдай бұйыртса. Маған ұқсамайтыны көрініп тұр ғой. Қазақтың намысы бар жігітінің бірімін. Сондықтан жақын арада ол қолға түсіп, жазасын алады. Уайымдамаңыздар. Ондай алып-қашпа видеолармен надандар, білімсіздер айналысады. Олардың сана-сезімінің жеткен деңгейі сол жер. Оңдырмаймыз», — дейді актер.
Желі қолданушылары актерге қолдау білдіріп жатыр.
sputniknews.kz