жауапсыз ана баласын өлтіріп алды
Қысқа сілтеме алу
Сәбидің тоқ ішегі қабынып, ағзасы әбден әлсіреп қалған. Анасы баласын абайсызда өлтіріп алғаны үшін айыпталып отыр
АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Германияда Қазақстанның тумасы баласының ағзасын әбден әлсіреткен. Екі айлық сәбидің салмағы небәрі 2 823 грамм болған. Бұл оның туған кездегі салмағынан да аз. Салдарынан бала шетінеп кетті.
Қайғылы жағдай 2017 жылдың қараша айында болған. Тергеу екі жыл бойы жүргізілді. Әйелге баланы абайсызда өлтіріп алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Abendblatt.de. Жауапсыз ана сот алдына келді.
Басылымның хабарлауынша, әйел Қазақстанның тумасы. Шетінеп кеткен сәбиден басқа тағы 6 баласы бар. Олардың жасы 4-11 жас аралығында. Сот медициналық сарапшылар сәбиді тоқ ішегі қабынып кеткенін анықтады. Олар қайғылы жағдайға қан айналымының дұрыс болмауы себеп болғанын айтады.
Тағы оқыңыз: Бір жасар сәби жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен: анасының қылмысы әшкере болды
Сарапшылар сот кезінде сәбидің қабырғасы шығып кеткенін, терісі салбырап қалғанын айтты. Алайда баланың мұндай күйіне ата-анасы еш уайымдамаған. Олар бірде-бір рет педиатрға бармапты.
Баланың әкесі – Марокко азаматы. Отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрған. Жергілікті билік оларға қолдау көрсетіп, жәрдемақы төлеп тұрған. Бірақ жетінші баланың туғанынан бейхабар болыпты.
Гамбург қаласы сотының прокуроры бұл оқиғаны «Абайсызда адам өлтіру » бабы бойынша қарастыруды сұрап отыр. Әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
sputniknews.kz