Өзбекстанда түнделетіп жолға шыққан мұғалімдер көз жұмды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Бұған дейін жергілікті БАҚ мұғалімдердің облыс хокимиятына түнгі бірдегі жиналысқа бара жатқанын жазған еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Өзбекстанның Ферғана облысында мектеп директорларының орынбасарлары жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Бұған дейін жергілікті БАҚ-та мұғалімдер облыс хокимиятына түнгі бірдегі жиналысқа бара жатқан деген ақпарат тараған еді. Алайда елдің ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Ведомствоның ақпаратынша, бұл күні хокимиятта ешқандай жиын жоспарланбаған. Жолаушылар Қоқан қаласына жеке шаруаларымен бара жатқан.

«29 қыркүйек күні шамамен сағат 20:45-те жол апаты болды. Көлікте Дангарин ауданы халықтық білім беру бөлімінің күзетшісі мен үш мектеп директорының орынбасарлары отырған. Nexia көлігін жүргізген №25 мектеп директорының орынбасары жол ортасында, алдымен, бетон қоршауға, кейін жарық бағанына соғылған», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Үйіне келе жатқан: Камераға түсіп қалған апат 17 студенттің өмірін қиды

Апаттан кейін көліктегі газ жабдығы жана бастаған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған №26 мектеп директорының орынбасары көз жұмды.

Қалған жолаушылар – №38 мектеп директорының орынбасары мен күзетші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу жүріп жатыр.



sputniknews.kz