Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдістерін пайдаланып , сыныптағы оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері
2. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдістерін пайдаланып, сыныптағы оқушылар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиет – сапалары.
3. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдістерін пайдаланып , сыныптағы оқушылар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз».
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдістерін пайдаланып , сыныптағы оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері
Оқушылар ұжымы немесе қарапайым балар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.
Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.
Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктерімен мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге , мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды , мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы-олардыңұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ. Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға “Атамкен”, “Жұлдыз”, “Болашақ” және басқа ұйымдар жатады. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы-сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы – ол оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті-ұым өмірін ұйымдастыру барысындаоған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай , оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау. Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б секторларының жұмыс жоспарын талқылар, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т.б) Сынып жиналысы- бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау т.с.с) өткізуі мүмкін.
Ұжым- әрбір мұғалім үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ең алдымен тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз — өз жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең “қиын” оқушыны да адам ете аламын,- дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам – ұжым- қоғам өзара қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке саналады.
Ұжымдық өмірдің эмоциялық байлығы дегенде жеке адамның еңбек жетістігін тек өзі ған емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін, құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.
Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ұжымның оқу-тәжірибе үрдісіндегі нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны ұстаздардың сөзінуі де ұжым жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.
53 Аамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол — қоғамдық зат. Адам-ның қоғамдың мәні оның басқа адамдармен қатынас-тарында, байланыстарын-да, өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, демек, жеке адамның қалыптасу процесін ғалымдар социализация деп атайды. Өкінішке қарай, социализацияның педагогикалық аспектісі тиісінше жете егжей-тегжейлі зерттелмей келуі былай тұрсын, тіпті қаралмай да келеді.
Ал былай алғанда нақ социализация процесі коллективтің тәрбиелеуші күшін қалыптастыруда аса маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, кол-лективтің осынау тәрбие күші туралы педагогикалық әдебиетте көбінесе ол бейне бір дайын күйінде берілетіндей түсінікті оқуға тура келеді. Коллективтің әлде-қандай фантастикалық күшіне осылай аңғалдықпен сенушілік мұғалім-дерді көбінесе торығуға әкеліп соқтырады. Бір жағынан, коллективтің жеке адамға ықпал ету қабілетінің қалыптасуы, өкінші жағынан, жеке адамның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуы әрбір индивидуумның, кейін юоллек-тив мүшесі болған индивидуумның қоғамға қалай кіруіне байланысты болады. Тәжірибе адамның қоғамға теріс, жарымжан кейіпте (өкінішке қарай, кейде осылай да болады) кіруі мынаған әкеліп соқтыратынын дәлелдейді: ол басқа адамдардың тәрбие ықпалына оңай бейімделе қоймайтын болады, ал кейде басқа балалар үшін қалыпты, тиімді ықпал ету тәсілдеріне бейімделу қабілетін мүлдем жоғалтады.
Кішкентай нәрестенің өмірінде оның өзі үшін төтенше жақалық ашатын мынадай кезең де болады: сірә, өзіңнің айқайлаған даусыңмен, жылауыңмен, аяқ-қолыңды тырбаңдатуыңмен тілегің мен тұтыну қажетіңді өтейтін адамдарға — анаңа, күтушіңе, әкеңе, әжеңе ыңпал етуге болады екен. Анаң мен әкеңді ең шұғыл жұмысын қоя тұрғызып, өзіңе жүгіріп келтіруге болады екен. Өзінің әрбір тілегі бірден-ақ қанағаттандырылатынына, өзінің тілегін қанағаттан-дыратын адамның қимылын тездету үшін күшті белгі және реттеуші — айқай екендігіне таңырқап көзі жеткен бала тұңғыш өзімшілдік тілегінің қанағаттанға-нын сезе бастайды: не тілесем, соның бәрі істелетін болады деп біледі. Нақ осыдан кейін-ақ қалыпсыз, орынсыз социализация басталады: адам өзін тиісті жағынан емес, теріс жағынан танып біле бастайды. Коллективтің болашақ мүшесінің моральдық саулығы, оның тәрбиелі адам болу қабілеті едәуір дәрежеде нәрестенің жылап-сықтауына ананың қалай қарайтындығына, баланың алғашқы тілектерінің қалай қанағаттандырылуына және осы тілектердің негізінде тұтыну қажеттерінің қалай туатындығына байланысты болады. Міне сондықтан да, тәрбие ісі баланың тұңғыш тыныс алуынан басталатындығын А. С. Макаренко сан рет атап айтты, ал егер ана ұлын тәрбиелеу ісін алтыншы айға жеткенде ғана ойлай бастаса, онда ана жарты жыл кеш қалғаны.
Бала тәрбиелеудің қалыпты процесі үшін оның тілегіне қалай қараудың зор маңызы бар. Баланың — болашақ коллектившіл-азаматтың басқа адамдарға қарым-қатынасы осыған байланысты болады. Бұлар — әуелі анасына, әкесіне, ал одан кейін «бөгде адамдарға», «алыс адамдарға»— отандастарына, еңбектес және қарулас жолдастарына, кездеген мақсатқа, мұратқа жету жолындағы күрестегі бір пікірлес, одақтас адамдарға деген қарым-қатынастар. Теріс, жөнсіз тәрбие қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады, мен мұны тілектің бұрмалануы деп атаған болар едім. Мұның қауіптілігі мынада: бала өзінің саналы өмірінің ал-ғашқы қадамынан бастап тілек пен тұтынудың айырмашылығын білмейді. Өзінің кез келген тілегін қанағаттандыру дағдысы басқа адамдардың интеллектуалдық эмоциялық дүниесіне деген сөзімталдықты әлсіретеді. Егер осы дағды тамыр жайса, егер бала осы дағдысымен мектепке келсе, онда ол басқа адамдарға өзінің қалған тілектерін қанағаттаңдыратын негіз ретінде ғана қарайды. Ойлаған тілегіне қайшы келген нәрсенің бәрін ол жақтырмайды, ұнатпайды. Мұндай баланың өзін айналадағы дүниенің бір кішкентай бөлігі ретінде танып білуі барлық нәрсені бір ғана өлшеммен: өзінің тілегімен өлшеуден басталады. Ал қоғам өміріне дұрыс араласу, дұрыс социализация мына жағдайда ғана: адам өзінің «мен» дегенін басқа адамдардың мүдделерімен үйлестіруге саналы түрде ұмтылған кезде, өзінің талап-тілектерімен қоғам игілігі мүддбсі үшін қимыл жасауды біліп қана қоймай, соған тырысқан кезде ғана мүмкін болады. Бейнелеп айтқанда, социализация баланың мынаны сезгенінен (ал кейін түсінгенінен) басталады: «Менің айқайым, менің жылауым анамды тілегімді төзірек қанағаттандыруға мәжбүр етеді, бірақ осымен бірге ол анамның жүрегін ауыртады, абыржытады». Балаға жақсы нәрсе анаға зиян болып тиеді. Жақсылықтың жақсылығы сонда ғана, одан адам жыламағанда ғана жақсылық болатынын кішкентай балаға сездіру (ал одан кейін түсіндіру де) керек,— коллективизм тәрбиесінің логикасы мен диалектикасы осында. Тәрбиешінің нағыз шеберлігі мынада: бала басқа адамның көз жасын көріп, оны шын жүрегімен қабылдап, тұңғыш рет қайғы, абыржу, әбігерлену сөзімін басынан кешіргенде ғана көрінеді. Егер, сіздің балаңыз, басқа адамның қайғы-сын ақылоймен, жүрегімен ұғынып, тұңғыш рет нағыз қайғыны бастан кешіріп жыласа, сіз осыны көрсеңіз — онда сіз ол баланы социализация соқпағына дұрыс алып келдім деп біліңіз.
Біз кішкентай баланың социализациясы туралы соншама неге тәптіштеп айтып отырмыз? Өйткені бұл коллективтің ойдағыдай тәрбие беруінің төтенше ма-ңызды алғышарты. Бірінші класс оқушылары тобында бес-алты өзімшіл бала болса, онда мүғалім өз жұмысының алғашқы қадамынан бастап-ақ игере алмайтындай қиындықтарға кездесуі мүмкін. Тіпті оның коллектив құра алмауы да мүмкін, өйткені әрбір өзім-шіл — бұл коллектившілдік өзара қарым-қатынастардың ірге тасына түскен жарықшақ; егер жарықшақ көп болса — тәрбиеші коллективизм үйін қаншама тұрғызғанымен, ол құлай береді. Топтағы балалар неғұрлым жас болса, коллективтің жеке адамдарға тәрбиелік ықпалы соғұрлым нәзік, мейірімдірек болуы керек. Бірінші класта коллективті және мұғалімнің жеке басын баланың қалай түсінуінің ерекше зор маңызы бар. Асырып айтқандық емес, кейде бірінші оқушысына, оның сөзімтал жүрегі адамға сеніммен ашылып тұрған сәтте, мұғалімнің айтқан бір ауыз сөзі, баланың бүкіл өмір бойғы тағдырын шешеді.
Ал дұрыс социализацияның сол бір өте нәзік, әрі өте сөзімтал тетігі қандай? Коллективте жарықшақ болмауы үшін коллективтің ірге тасын қалай қалау керек? Ал егер қазірдің өзінде жарықшақ болса — оны қалай бітеу керек? Асылы, коллективтің тірегі не? Тәрбиеші ұзақ уақыт бойы олардың санасына сенімді, табанды көзқарасты, идеяны қондыру әлі де қиын; олардың рухаии өмірі әлі де болса ең алдымен түсініктерге, бейнелерге, сөзімдерге, сүйініш-күйініштерге негізделетін балалармен жұмыс істейді ғой.
Дұрыс социализация эмоциялық өмірдің байлығына, идеялың толық құндылылығына негізделетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Баланы ең алдымен түйсінуге, бірге күйінуге үйрету керек. Сөзім, сүйініш-күйініш — бұл бейне баланың тәніндегі титтей бір магнит тәрізді, ол магнит оны басңа адамдарға жақындатады, баланы сөзді, ақыл-кеңесті, идеяны, қабылдағыш, сөзімтал етеді. Жетілген сөзім, эмоциялық жоғары мәдениет — бұлар, бейнелеп айтқанда, моральдық жағынан тәрбиеліктің абсолюттік музыкалық дыбысы. Эмоциялық тәрбие алмаған, нәзік ықпалдарға саңырау бала — ол потенциалды өзімшіл.
Біздің тәрбие жұмысымыздың жүйесінде өте маңызды форма этикалық әңгіме формасы бар. Философиялық-этикалық мазмұны айқын сипатталған мыңнан астам шағын әңгімелер мен ертегілер «Этика жөніндегі хрестоматия»—осындай әңгімелердің материалы болып табылады. Бұл «Хрестоматияның» кіріспе тарауы әңгімелерден тұрады, ол әңгімелердің мақсаты — социализация дәрежесін, коллектив өміріне қатысуға даярлық дәрежесін, балалардың эмоциялық тәрбиелілік дәрежесін оқып үйрену. Кіріспе тараудағы әңгімелер негізінен мектепке дейінгі балалар мен бірінші кластағы балаларға өткізіледі. «Этика жөніндегі хрестоматияның» кіріспе тарауына енгізілген әңгімелер мен ертегілердің өзіне тән ерекшеліктері тұспалдай айтылған, жасырын ой-пікірлер болып табылады, оны белгілі бір эмоциялың тәрбиелілік дәрежесіне жеткен бала ғана түсіне алады. Эмоциялың дамып-жетілуі әлі төмен дәрежедегі балаға бұл ой-пікір ұғынықсыз болады. Бірақ, мұндай балалар үшін де өте-мөте қажет этикалық әңгімелер бар: ол кеңестер эмоциялық сергектікті оятып, тәрбиелейді, дүниені ақыл-оймен ғана танып қоймай, жүрекпен де тануға үйретеді. «Хресто-матияның» кіріспе тарауындағы этикалық әңгімелер — бұлар коллектившілдік сөзімдерді оятудағы тұңғыш сабақтар.
Оқушылар ұжымы — бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі — класс, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі — ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
8 Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдасты-рушылардың мектеп коллективінің тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.
Көп жылғы практика мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар жататындығына көз жеткізеді:
Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде …………