Мектепалды дайындық сабақ жоспары: К дыбысы мен әрпі
Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс — тәсілі: сұрақ — жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Қане, балалар, көңіл — күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл — күймен
сабағымызды бастайық. Қазір сауат ашу сабағы.
— Біз сауат ашу сабағынан нелермен таныстық?
— Әріп дегеніміз не?
— Дыбыс дегеніміз не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дидактикалық ойын. «Қандай дыбыс?»
Жаңа сабақ.
— Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты
шешу керек.
Жұмбақ. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Балалар, ұйқыдан оянғанда, даладан нені көресіңдер?
— Күнді, күннің нұрын көреміз.
— Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
— Алақай! – деп қуанамыз.
— Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
— Аспанды, бұлтты, күнді көреміз.
— Күн бізге несін береді?
— Жылуын береді.
«Күн» деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
— К дыбысы.
— Ендеше бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы осы К дыбысы мен әрпі.
Балалардың назарын тақтадағы кесенің суретіне аудару.
«Кесе» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Текшелермен белгілету. Кеспе әріптермен жазу. Тақтаға күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суретін ілу, дыбыстық талдау жасау.
Күшік — иттің баласы.
Кенгуру — Австралияда мекендейді. Оның салмағы 90 кг, құйрығының ұзындығы 1 м. Оның алдында қалтасы болады, оған баласын 68 ай сақтап өсіреді.
Ал, баласының салмағы 5, 5 гр. болады. Шөппен қоректенеді. «Қызыл кітапқа» енген. Алдыңғы аяғымен қорегін тауып жейді.
Бүркіт — таудың ең биік шығында өмір сүреді. Түлкі, қоян сияқты аңдарды аңдып тұрып, өзінің әдіс — тәсілдері арқылы ұстап, жемтігін тауып жейді.
Ол қырағылықты, бірлікті білдіреді.
«Топтастыру» стратегиясы.
«К» әрпіне суретті топтастыру.
К әрпінің жанына к әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.
«Дыбысты тап» ойыны.
Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер К дыбысын естіген кезде қолдарыңды шапалақтаңдар.
(Дыбысты тыңдату). А — А — А — Т — Т — Т — Ғ — Ғ — Ғ — К — К — К — О — О — О
Әліппе дәптермен жұмыс.
Буындарды, сөздерді оқу.
Дәптерге жазу. К дыбысын ауада жазу.
Сергіту сәті. Жаздық, жаздық…
Жаңылтпаш жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.
Дидактикалық ойын. «Шашылған әріптер».
Сабақты қорытындылау. …..