Реферат: Биология | Кеуде жарақаты
40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Негізгі себептері: сақы, биіктіктен қулау, жол апаттары т.б. Кеуде жарақаттары ашық және жабық болуымен ерекшелінеді. Жабық жарақат алған кезде терінің анатомиялық құрылысы сақталса,ал ашық жарақат кезінде керісінше тері зақымданады. Кеуде жарақаты локализация мен және жарақат түріне байланысты ерекшелінеді. Кезкелген кеуде жарақаты сыртқы тыныс алу жүйесінің бұзылуымен яғни тыныстың тереңдігі, ритмін өзгертеді. Жабық кеуде жарақаты кезінде сыртқы тыныс алу жүйесі зақымданып өкпе жүрек жетіспеушілік синдромына алып келеді. Ауыр және өмірге қауіпті жарақат алғанда адам ағзасында анатомиялық және физиологиялық өзгерістері болады. Мысалы:плевра жапырақшаларының жарақаты, плевра және өкпедегі жоғары рецепторлардың сезімталдығы, теріс плевра ішілік қысым өзгереді. Кеуде жарақат алғанда тері ішілік қан құйылу, бұлшық ет қызметі, тыныс алу тереңдігі мен ритмі бұзылады. Кеуде қуысының қаңқа тірегі бұзылғанда өкпе вентиляциясына әсер етеді.
Жарақат түріне қарай келесі түрлері болады:
1. Жеңіл жарақат
2. Орташа жарақат
3. Ауыр жарақат
Кеуде жарақатының жеңіл түрінде тыныс алу мен жүрек қан тамыр жүйесі зақымданбайды. Бұл кезде тыныс алу бір минутта 25 аспайды.
Орташа түрінде тыныс алу және қан айналу жүйесінде өзгерістер болады. Тыныс алу 1 минутта 25-30, тахикардиямен көрінеді.
Ауыр түрінде терең тыныс алу және қан айналу жүйесі бұзылады. Тыныс алу минутына 35, бірден тахикардия пайда болады. Егер жарақат алғанда жұмсақ тіндер зақымдалса жарқаттың жеңіл түрі, қан құйылса яғни гематома болса орташа тіпті ауыр түріне жатады. Жұмсақ тіндер зақымдалса жарақат алған жерде кішкентай ісік пайда болады. Ауру терең дем алғанда, қабырға аралық бұлшық еттерге қан құйылғанда күшейе бастайды.
IV-YII қабырғалар жиі жарақаттанады. Жоғарғы қабырғалар
бұлшық еттерінің қалын болуымен, ал төменгі қабырғалар шеміршегінің эластикалық бөлігінің жақсы болуымен ерекшелінеді.Қабырға белгілі бір күштен иілуі, кеуде қуысының деформациялануы, сонымен қатар екі жағынан белгілі бір күш әсерінен сынуы мүмкін. Жарақаттың өте ауыр түрі қабырғалардың екі жерінен сынуы оны кеуде қуысындағы қабырғалардың екі жақты сынуы деп атайды. Бұл кезде тыныс алудың бұзылуынан оттегі жетіспеушілігі сонымен қатар плевропульмональды шокпен ерекшелінеді. Қабырғалардың сынуы плевраның, өкпенің қызметін бұзып пневмоторакс, гемоторокс немесе гемопневмотороксқа алып келеді. Жарақат алған науқастарда ауру терең дем алғанда, жөтелгенде күшейе түседі. Жарақаттанған адамда ісіну, көгеру сонымен қатар ентігу болады. Пальпация жасағанда бірден ауру сезімі сезіледі. Ауыскультация әдісімен өкпе қызметін (хрип, шум, трения превры), ал салыстырмалы перкуссия әдісімен плевра сұйықтығын (тимпанит,притупления) анықтайды.
Қабырғаның сынуы
Кеуде жарақат алған кезде омыртқада зақымданады. Сонымен қатар жүрек жарақат алса коронарлы жетіспеушілік тіпті инфарктқада алып келеді. Перикардқа қан құйылса жүрек тондары, шекарасы, конфигурациясы өзгереді. Клиникалық көрінісі бозару, акроцианоз, ентігумен көрінеді және кіші және үлкен қан айналым шеңберінің қызметі бұзылады.
Пневмоторакс деп плева қуысына ауа жиналуды айтамыз. Клиникалық көрінісі ентігу, тахикардия, жұмсақ тіндердің эмфеземасы, перкусия жасағанда тимпаникалық дыбыс, аускультацияда тыныс өзгерістері анықталады.
Пневмоторакс
Гемоморакс деп плевраға қан жиналуды айтады.
(Классификация П. А. Куприянов (гемоторакс):
Кіші гемоторакс (500—600 мл қан қабырға диафрагмасының синусында), асқынбайды және 10-12 тәулікте қалпына келеді.
Орташа гемоторакс (1000—1500 мл ), аускультация әдісі арқылы тексергенде жауырын үстінде дем алу әлсіз естіледі.
Үлкен гемоторакс плврада қан 1000мл жоғары болады. Клиникада 2-3 қабырға аралығының артында анықталады. Өкпеге перкусия жасағанда тұйық дыбыс естіледі. Асқынса гемопневмотороксқа алып келеді.
ГЕМОТОРАКС
Өкпе эмфеземасы
Емдеу жолы консервативты және оперативті
Диагностикасы:
• Жалпы қан анализы
• Қан тобын және резус-факторын анықтау.
• ЭКГ.
• Кеуденің ентгенографиясы (отырғызып, тұрғызып. Жатқызған күйде) сидя или лежа при тяжелом состоянии.
• Лапаро-скопия немесе лапароцентез
• УЗИ.
Пункция арқылы плеврадағы ауаны, қанды анықтайды. Пневмоторакс кезде пункция жергілікті анестезия яғни новокаин арқылы екінші қабырға аралық бұғана ортаңғы сызығымен, ал гемоторакс кезінде 7 қабырға аралық пен жауырын ортаңғы сызығымен жасайды.
Жарақат асқынбаса 2-3 рет новокаин блокадасы (10мл 1%) қолдану арқылы ауру сезімін басады. Тыныс алу яғни өкпе вентиляциясы жақсарады. Науқас 4-5 тәулік қатаң төсекте жатуы керек. ….