Қазақстан астанасына газ Ресей құбыры арқылы өтеді
Құбыр өнімі Қазақстанда сұранысқа ие болып отыр, өйткені жеке болат құбырларын шығару әлі жолға қойылмаған
НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Ірі диаметрлі болат құбырлар өндірісінен Ресей көшбасшы саналады, оның өнімдері Қазақстанда импорттың негізгі бөлігін құрайды.
«Сарыарқа» газ құбыры
Қазақстанда ауқымды жоба – 2018 жылдың соңында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын.
Газ құбыры бүкіл республика арқылы – оңтүстіктен солтүстікке қарай 1081 шақырымға созылады: Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды - Теміртау — Нұр-Сұлтан. Ол елорданы, сонымен қатар орталық және солтүстік өңірлерді газдандыруға арналған.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін «үлкен газ» Қазақстан астанасына келеді, ал 2020 жылғы жылыту маусымы экологиялық таза отынға көшеді, бұл Нұр-Сұлтандағы шығарындылар мен түтін мәселесін шешеді.
Газ құбырын салу кезінде пайдаланылатын құбырлардың жартысынан көбі – ресейлік ЧҚИЗ тобының (Челябі құбыр илемдеу зауыты) өндірісі. Бұл Ресей металлургиялық кешенінің өнеркәсіптік тобы ірі құбыр өнімдерін өндірушілердің бірі саналады.
Жалпы алғанда, К60 класты болаттан жасалған 130 мың тонна ірі диаметрлі құбырлар (қабырғасының қалыңдығы 12, 14 болатын 820 миллиметр және 18 миллиметр) жеткізді. Құбырлар сыртқы және ішкі коррозияға қарсы жабынмен жасалды. Өнімдер Челябі құбыр илемдеу зауытында шығарылды.
«Қазақстан – ЧҚИЗ Тобының ТМД елдері аумағындағы ең үлкен нарықтарының бірі. 2018 жылы ресейлік құбыр жабдықтаушыларының осы елге жалпы жөнелтіліміндегі компанияның үлесі 47% болды. Стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаға қатысу өнімнің жоғары талаптарға және сапа стандарттарына сәйкес келетіндігін дәлелдейді», — деп түсіндірді ЧҚИЗ Тобының өкілдері Sputnik-ке.
Неге Қазақстан құбыр импорттайды
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, қара металдан жасалған құбырлар – Қазақстанға әкелінетін негізгі тауарлардың бірі. Құбыр өнімдері олардың үлесінде екінші орынды иеленеді – 3,3%, бірінші орында дәрі-дәрмектер (3,4%), одан кейін мұнай және мұнай өнімдері –2,7%.
Сонымен бірге құбырлардың 40% -дан астамы Ресейден, қалған 60% -ы Қытай, Еуропа және Араб елдерінен тасымалданады.
Сонымен бірге, Қазақстан өз құбырларын өндіруді қамтамасыз етуге ниетті. Алматыда үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын заманауи зауыт салынуда. Кәсіпорын мұнай, мұнай өнімдері, газ және су тасымалдауға арналған жылына 100 мың тонна жоғары сапалы құбыр өнімдерін жеткізуі тиіс.
Қазақстан нарығы үшін күрес
Жаңа технологиялар мен отандық өндірістердің пайда болуы, сондай-ақ валюта бағамына қатысты жағдай жабдықтаушылар арасында қазақстандық нарық үшін күресті күшейтіп жатыр.
2018 жылы ЧҚИЗ Тобы мен Ресей экспорт орталығы (РЭО) ПМЭФ-2018 аясында жоғары технологиялық өнімдер экспортын дамыту және қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісім жоғары технологиялық өнімдердің экспортын ынталандыру бойынша бірлескен бастамаларды әзірлеу мен іске асыруды, қолдау құралдарын дамытуды, сондай-ақ ЧҚИЗ Тобының өнімдерін жылжыту үшін шетелде РЭО өкілдіктерінің мүмкіндіктерін пайдалануды қарастырады.
Экспорттаушыларға РЭО – Made in Russia («Ресейде жасалған») бағдарламасы айтарлықтай көмек көрсетеді. Ерікті сертификаттау жүйесінің негізінде қауіпсіз экспорттық тауарларға тиісті сапа белгісі беріледі.
Материал коммерциялық негізде жарияланды.
sputniknews.kz