Нұр-Сұлтанға алғашқы қар түсті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нұр-Сұлтан тұрғындары қыркүйектің соңғы күні аздап қар жауғанын байқады, бұған дейін синоптиктер елордада күн салқындайды деп болжаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан астанасында қыркүйектің соңғы күні алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, синоптиктер дүйсенбі, 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз, күндізгі температура 5-7 градус жылы болады деп болжаған.   

«Қар – қыркүйек айы үшін қалыпты құбылыс. Оның үстіне біз дабылды ескерту жарияладық», — деп түсініктеме берді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Саида Бердібекова.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.

Тағы оқыңыз: Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады

Сейсенбі, 1 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендесе, күндіз 8-10 градус жылы болады.



sputniknews.kz