Өлшем алу, әйелдер шалбарын модельдеу, ашық сабақ технология

0

Тақырыбы: Өлшем алу. Әйелдер шалбарын модельдеу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өлшем алуды және шалбарды модельдеуді
үйрету
Білімділік: Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, ой — өрісін дамыту
Тәрбиелік: Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу, жұмыс барысында белгілі тәртіп
ережесін сақтау, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.
Сабақтың әдістері
— Түсіндірмелі – суретті (дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету), Жартылай ізденіс; Нұсқаулық; зертханалық, өз бетінше жұмыс.
Көрнекі құралдар мен құрал — жабдықтар: оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі, сантиметрлік таспа, дәптер, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу
2. Оқушылардың құрал — жабдықтарын түгендеу.
3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Шалбар дегеніміз не?
Шалбардың қандай түрлерін білесіңдер?
Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады?
Классикалық шалбар мен күліш шалбарлардың айырмашылығы?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Шалбарды конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Шалбар тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерінен белгілейді.
Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е, биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы,
Жартылай бел айналымы – Жба,
Жартылай мықын айналымы – Жма,
Шалбардың ұзындығы — Шұ.
Балақ ені — Бае.
Отыру биіктігі — Об.

Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Сантиметрлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.
Шалбар — сырт киім. Шалбар жүріп — тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп — түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі.
Кез келген бұйымды жасау процесі эскизден, болашақ модель суретінен басталады. Бұл кезең көркем модельдеу деп аталады.

Техникалық модельдеу бірнеше кезеңнен тұрады:
— модельдің сыртқы түрін зерделеу
— модель материалының қасиеттерін зерделеу
— базалық лекалоларды таңдау (сызба)
— сызбаға фасондық сызықтар түсіру.

Кім тапқыр ойыны.
Әрбір сұрақта мағыналары әртүрлі, бірақ айтылуы және оқылуы бір анықтамалар берілген (омонимдер)
1. Бұйымға пайдаланатын фурнитура немесе тыйым етістігі (түйме)
2. Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасындағы өсетін өсімдік (құрақ)
3. Су өтетін арық немесе іс — қимыл етістігі (жап)
4. Қамырды дайындау процессі немесе құмырсқаның ұясы (илеу)
5. Спорт түрі немесе ерлердің шаш үлгісі (бокс)
6. Өсімдік мүшесі немесе мектептегі оқыту процессі (сабақ)
7. Жұқа синтетикалық мата немесе көгілдір отын (газ)
8. Иірім жіп немесе конфет атауы (ирис)
9. Қыздың бұрымы немесе іс — қимыл етістігі (шаш)
Сарамандық жұмыс. Өз дене бітімінің өлшемін алу.

Жұмыс барысы
1. Нұсқаулық картамен танысыңдар.
2. Өлшем алып, кестені дәптерлеріңе сызып толтырыңдар.
Өлшем аттары. Әріппен белгіленуі. Өлшем орындары. Өз өлшемдерін алу
Ағымдағы нұсқаулық. Сарамандық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір — бірінің өлшемін алып үйренеді.
— жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру;
— сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;
— техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады.
2. ЖБа өлшемінің қолданылуы?
3. Бұ өлшемі қалай алынады?
Соңғы нұсқаулық.
Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау.
Үйге тапсырма: Әйелдер шалбарын модельдеу.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!