ертең ауа райы қандай болады?
Қысқа сілтеме алу
Синоптиктер ауа температурасының төмендеуіне байланысты республиканың сегіз өңірінде дабылды ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр мен жабысқақ қар жауады.
Республика бойынша кей жерде найзағай, тұман түседі, жел 15-22 м/с-ке дейін күшейеді, шығыста көктайғақ болады.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
sputniknews.kz