Алматы облысында тойда күтпеген оқиға болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды.

Қонақтар арасында қып-қызыл төбелестен 3 адам ауыр жараланған. Оларға пышақ ала жүгірген күдіктіні тәртіп сақшылары көп ұзамай қолға түсірді, деп хабарлайды КТК.

Тағы оқыңыз: «Не деген көргенсіздік!». Белгілі қазақ этнодизайнері бүгінгі тойдың кемшілігін атады

Тойдағы төбелес таспаға түсіп қалған. Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты. Қып-қызыл төбелес мейрамхананың көлік тұрағында жалғасқан. Ақыры пышақ ала шыққан қонақтың бірі ерегісіп тұрған топқа қарай тап береді. Соның салдарынан 3 адам ауыр жарақаттанған.

«Біреуінің халі нашар», — дейді дәрігерлер. Пышақ оның өкпесіне тиген екен. 

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған күдікті кәмелеттік жасқа толмаған кезінде де осы тәріздес қылмыспен құқық қорғау органдарының көзіне түсіп сотты болған», — дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.  



sputniknews.kz