Танымал блогердің үйі жұртты шошытты – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Блогердің желіде 1,1 миллион оқырманы бар. Шындықты білген оқырмандардың біразы оның парақшасынан шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қытайлық танымал блогер Лиси Лидің үйі жұртты шошытты, деп жазады Scoopsquare24 порталы.

Қытайдағы Weibo әлеуметтік желісінің танымал қолданушысы Лиси Ли ұятқа қалды. Оның 1,1 миллион оқырманы бар. Қыз желіге үнемі әдемі суреттерін жүктейді. Алайда оның шынайы өмірі жұртты шошытты.

Лиси Ли Қытайдың Сиан қаласында Чен атты әйелдің пәтерін жалдап тұрған. Алайда Ли үй иесі хабарласқан кезде оған жауап бермей, коммуналдық қызметтің ақысын төлемей қойыпты. Өзінің мүлкіне уайымдаған Чен пәтерге барған. Жағдай әйелдің үрейін ұшырды.

Пәтер иесінің айтуынша, үйде аяқ басатын таза жер болмаған. Қоқыс, шіріген тамақ, тіпті иттің нәжісіне дейін болған. Чен ашуланып, бұл жағдайды видеоға түсірген. Кейін оны әлеуметтік желіге жүктепті. Лас бөлмені тіпті клинингтік компания тазалаудан бас тартқанын айтады.

Тағы оқыңыз: Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді — фото

Видео желіде тез тарап, Лисидің оқырмандары жағасын ұстаған. Олар Лиси Лидің қымбат мейрамханада жүріп, әдемі фотоларын көріп, үйреніп қалғанын жеткізді. Осыдан соң, көптеген адам Лиси Лиге қатысты жағымсыз пікір жазып, парақшасынан шығып кеткен.

Бұл жағдайдан кейін Лиси пәтер иесінен кешірім сұрап, үйді өзі тазалауға сөз беріпті. Блогер ауруханаға түскенін, кейін іссапарға кеткенін айтып ақталды. Сондай-ақ, итті үйде қалдыруға мәжбүр болғанын айтқан.



sputniknews.kz