Ашық сабақ технология, құрақ құрау технологиясы, мата қиындысы
Сабақ тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі қиықтар тігіп үйрену. Құрақ қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.
• Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
• Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт — дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбиелеу
• Пәнаралық байланыс:
Геометрия, сызу, бейнелеу, математика.
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, сұрақ — жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Сабақтың сәті:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Кіріспе бөлімі
Сарамандық жұмыс
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
● Сабақтың ұраны:
“Талаппен баста, талғаммен аяқта”
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтың мағынасын ата?
3. Құрақ түрлерін ата?
4. Құрақтың жасалу жолы?
5. Құрақтың тұрмыста алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?
6. Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар қажет, атауын жаз?
7. Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз?
8. Өнерлі болып, шеберлікке жету үшін не қажет? Саналап айтар болсақ.
Интерактивті тақтаға жаз.
9. Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді?
ІІІ. Кіріспе бөлімі
Құрақ түрлері:
• Геометриялық
• Зооморфты
Өсімдіктектес
• Тұрмыстық
• Космогоникалық
Құрақ құрауды жобалау
1. Жасауға қажетті материалдар жеткілікті.
2. Жасалуы көркем.
3. Материалдар қымбат емес, тез табылады.
4. Еңбек шығыны да көп емес.
5. Бұйым мөлшері жас ерекшеліктеріне сай.
6. Экономикалық шығыны көп.
7. Төзіді сапасы.
8. Әдемі дизайн.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.