30 тамыз конституция күні, рәміздер, ата заң

0

Ата заңымыз – айбатты
Мақсаты: Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет — ғұрпы, салт — дәстүрін сақтап, Ата
заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, Қазақстан энциклопедиясы, Ата заң кітабы.
Зал іші әдемі безендірілген. Балалар ән әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар мен ұстаздар, бүлдіршіндер!
Сіздерді бүгінгі өтетін «Ата заңымыз – айбатты» атты
ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Қазақстан — егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым — елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Нұркелді: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда
Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата заң күнін атап өтеміз. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер, ал Ата заңымыз – еліміздің
рәміздерінің бірі.

Аружан: Ата — бабам тұлпар мініп айқасқан,
Әрбір сөзге кесек — кесек ой тастап.
Тәуелсіз ел президенті сайланды,
Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.

Кәусар: Көк байрағы даламның,
Бүгінгі ұрпақ жалауы.
Тірегі әке — баланың,
Қазақстан жалауы.

Назерке: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Көрініс. «Ата заңымызды білейік»

Жүргізуші: Балалар, сендер өнерлі, білімді екенсіңдер. Ал енд Ата заңда әрбір азаматтың борышы, басқа азаматтардың мемлекеттегі ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп көрсетілген.
Зере: Ынтымақ, достық, тыныштық,
Туыстық бізге тым ыстық.
Бейбіт өмір белгісі,
Күлімдеп шыққан күн ыстық.

Ақжібек: Әрбір жан ойы қосылған,
Құрмет көрер досынан.
Бірлігі елдің қашанда,
Нығайсын деген осы заң.
Лезген биі. Орындайтындар: Наурызбек, Бейбарыс, Дәулет, Расулолла.

Нұрболат: Еркін елдің Ата заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан — жақты
«Қазақ» би. Орындайтындар қыздар тобы

Дәулет: Ата заңым – бабалардың лебізі,
Ата заңым — барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

Жүргізуші: Күні бүгін ата — бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік, біртұтас, жалпыға бірдей Ата — заңымыздың болуы. Осы Ата заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз. Ертеңгілігімізді аяқтай келе, сөз кезегін балабақшамыздың директоры Есбергенова Лаззат Айекенқызына береміз.
Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!