Шебер қолдар үйірмесінің жоспары, технологиядан үйірме жоспары
№18 орта мектеп ММ
Үйірме жетекшісі: Б. У. Чукаев
«Шебер қолдар» үйірмесі
Үйірменің проблемалық тақырыбы:
«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы арқылы, оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт — дәстүрімізді, мәдени — мұраларымызды, сәндік — қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулу, көркем сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау және жасау әдіс — тәсілдерін үйрету.
Үйірменің мақсаты:
1. Оқушыларды өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын түсініп ғана қоймай, оларды өз қолдарымен жасап, сәндік — қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу.
2. Үйірме жұмыстарының үстімен, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, оқушылардың бейнелі ойлай білу, өз ойларын өнер туындысына айналдыра білу, шығармашылық, жаңашылдық мүмкіндіктерін дамыту.
3. Баланың бойындағы қабілет пен дарынды зерттеу және дамыту арқылы, тиянақтылыққа, табандылыққа тәрбиелей отырып бастаған ісін аяқтап шығуға дағдыландыру.
4. Ата — баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта бұйымдарды жасау әдістерін меңгерту.
Үйірменің міндеті:
1. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, өндіру материалдарын үнемді пайдалана білуге, еңбек мәдениеті мен еңбекті қорғаудың бастапқы элементтерін меңгертуге бағыттау.
2. Баланың бейнелі ойлау, өз ойындағыны нобай, сурет, сұлба, сызбалар мен жазықтыққа шығара білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Бұйым жасаудың тиімді әдіс — тәсілдерін, технологиясын пайдалануды игерту арқылы оқушылардың шеберлігін арттыру.
4. Қалдық материалдардан көркем бұйымдар, макеттер жасау арқылы оларға екінші өмір сыйлауға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар халық қолөнерін игеру арқылы халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, өз қолдарымен жасаған көркем сәндік — қолданбалы өнер туындыларымен макеттерін мектепшілік және қалалық көрмелерге шығарады.
Үйренілетін тақырыптар
Кіріспе
1. «Шебер қолдар» үйірмесінің мақсаты мен міндеттері. Техникалық қауіпсіздік ережелері.
Асүй жабдықтарын дайындау
2. Асүй жабдықтарын дайындау. Бөлшектеу тақтасының (Разделочная доска) эскиздерін дайындау.
3. Жасалатын бұйым материалын дайындау. Дайындаманы өңдеу.
4. Дайындаманы берілген контур бойынша кесу. Дайындаманы ажарлау.
5. Бұйымға салынатын ою — өрнек түрлерін таңдау. Ою — өрнек эскиздерін дайындау.
6. Дайындамаға өрнек түсіру. Электр күйдіргішімен өрнек салу.
7. Әрлеу, әрлеу материалдары және құралдары. Әрлеу жұмыстары кезіндегі ТҚЕ. Бөлшектеу тақтасын лактау.
8. Астақтай және оқтау жасау әдістері. Бұйым эскиздерін, технологиялық қартасын дайындау.
9. Астақтай материалдарын дайындау. Дайындаманы өңдеу.
10. Тақтайды және үшқатты аралау әдістері. Астақтай бөлшектерін дайындау.
11. Тақтайды сүргілеу әдістері. Қолданылатын аспаптар. Астақтай табанын дайындау.
12. Құрастырып — бекіту әдістері. Астақтайды құрастыру, ажарлау.
13. Асүй жабдықтарын әрлеу ерекшеліктері. Бұйымды әрлеу.
14. Ағаш өндеу токарь білдегінде орындалатын операциялар. Оқтау жасау технологиялық картасын дайындау.
15. Бұйым материалын таңдау. Дайындама әзірлеу. АӨТБ істеген кездегі ТҚЕ. АӨТБ — де оқтау жону, ажарлау.
16. Конус тәрізді беті бар бөлшектің графикалық бейнесі. Езгілегіш жасау технологиялық картасын дайындау.
17. АӨТБ — нің саптама тетіктері. АӨТБ — де қарадүрсін, тазалап жону операциясын орындау.
18. АӨТБ — де езгілегішті жону. Дайындаманың бетін ажар — лау, сыммен ысып күйдіру, кесіп алу, ажарлау, әрлеу.
Сәндік — қолданбалы қолөнері бұйымдарын жасау
19. Ою элементтері бар қобдишаны дайындау. Бұйымның технологиялық картасын дайындау.
Р/с Үйренілетін тақырыптар
20. Қобдиша жасауға дайындамалар әзірлеу. Дайындамаларды өндеу
21. Қыларамен істеу әдістері. Аралау кезіндегі ТҚЕ. Бұйымның бөлшектерін дайындау.
22. Ағаш бөлшектерін желімдеу әдістері. Желімдеу кезіндегі ТҚЕ. Қобдишаның түбін желімдеу.
23. Жұқа металды өңдеу технологиясы. Топса эскизін дайындау.
24. Металды аралау, егеулеу, бүктеу, бұрғылау. Қобдиша топсасын дайындау.
25. Топсаны орнату әдістері. Қажетті құрал — саймандар. Топсаны орнату. Қобдишаны ажарлау.
26. Бұйымды көркемдеу өрнектерін таңдау. Ромб, пира — мида, шұғыла, жолақ өрнектерінің эскизін дайындау.
27. Бұйымды ағаш шеберлігі әдісімен әрлеу. Күйдіріп өрнек салу, лактау.
Электрлендірілген макеттер дайындау
28. Қолда бар материалдардын бұйым жасау. Субұрқақ макетінің сызбаларын, эскиздерін дайындау.
29. Сұбұрқақтың құрамды бөліктері. Су сорғы қондырғысының бөлшектерін жасау.
30. Су сорғы қондырғысын құрастыру әдістері. Қондырғыны құрастыру және сынақтан өткізу.
31. Субұрқақ хауызын (бассейн) дайындау әдістері. Су сорғыны хауызға орнату.
32. Бұйымды безендіру әдістерін таңдау. Безендіру шамдарын электрлік жалғау сызбаларын дайындау.
33. Электртехникалық ҚЕ. Су сорғыны, безендіру шамдарын электрлік жалғау. Бұйымды сынақтан өткізу.
34. Оқу жылында жасалған бұйымдардың көрмесі. Оқу жылының қорытындысы.
Барлығы 68 сағат
«Шебер қолдар» үйірмесінің тақырыптық жоспары (9 — сынып)
Үйренілетін тақырыптар
Кіріспе
1.«Шебер қолдар» үйірмесінің мақсаты мен міндеттері. Техникалық қауіпсіздік ережелері.
«Ағаш шеберлігімен әрлеу» әдістерін қолданып бұйымдар жасау
2. Кәдесыйлық күбі жасау технологиясы. Бұйым эскиздерін, технологиялық қартасын дайындау.
3. Күбі материалдарын дайындау. Дайындамаларды өңдеу.
4. Тақтайды аралау әдістері. Күбінің негізгі бөлшектерін дайындау.
5. Күбі бөлшектерін сүргілеу әдістері. Қолданылатын аспаптар. Күбінің негізгі бөлшектерін сүргілеу.
6. Күбінің қақпағын, түбін өңдеу әдістері. Күбінің түбін нақтылы бөлшектерге бөлу және өңдеу.
7. Күбіні құрастырып — бекіту әдістері. Күбінің түбіне негізгі бөлшектерді сәйкестендіру және желімдеу.
8. Жұқа металды өңдеу технологиясы. Құрсау эскизін дайындау.
9. Металды аралау, егеулеу, бүктеу, бұрғылау әдістері. Күбі құрсауын дайындау.
10. Металды көркем өңдеу әдістері. Құрсауға өрнек таңдау, өрнек эскиздерін дайындау.
11. Шекімелеу әдісі. Құрсауға шекімелеу әдісімен өрнек салу.
12. Құрсауды бекіту әдістері. Қолданылатын құрал — саймандар. Күбіні құрсаулау.
13. Күбі қақпағы және қақпақ бекінісін дайындау әдісте — рі. Қақпақты және қақпақ бекінісін жасау, ажарлау.
14. Піспек жасау материалдарын таңдау. Піспек бөлшектерін АӨТБ — де дайындау.
15. Піспекті құрастыру әдістері. піспек бөлшектерін құрастыру, ажарлау.
16. Күбіге салынатын ою — өрнектерді таңдау. Ою — өрнек эскиздерін дайындау.
17. Күйдіру әдістері әдістері. Күйдіру жұмыстары кезіндегі ТҚЕ. Күбі беттеріне күйдіру арқылы өрнек салу.
18 Ағаш бетін әрлеуге дайындау және қорғаныс әсемдік жабынын жабу. Бұйымды лактау.
Р/с Үйренілетін тақырыптар
Сәндік — қолданбалы өнер бұйымдарын жасау
19. Кәдесыйлық кебеженің жасалу технологиясы. Кебеженің технологиялық картасын дайындау.
20. Кебеже жасауға дайындамалар әзірлеу. Дайындамаларды өндеу
21. Қыларамен істеу әдістері. Аралау кезіндегі ТҚЕ. Бұйымның бөлшектерін дайындау.
22. Ағаш бөлшектерін желімдеу әдістері. Желімдеу кезіндегі ТҚЕ. Кебеже бөлшектерін желімдеу.
23. Әрлеу кезеңдері. Ағаш бетін әрлеуге дайындау. Кебежені ажарлау.
24. Бұйымды көркемдеу өрнектерін таңдау. Ою — өрнек эскиздерін дайындау.
25. Өрнек кесу әдістері. Өрнек кесу кезіндегі ТҚЕ. Кебежеге өрнек кесу.
26. Бұйым бетін қорғаныс әсемдеу жабынын жасауға дайындау. Кебеже бетін тазалау, ажарлау.
27. Әрлеу, сырлау материалдары. Сырлау жұмыстары кезіндегі ТҚЕ. Бұйым өрнектерін бояу, лактау.
Электрлендірілген макеттер дайындау
28. Қолда бар материалдардан бұйым жасау. Тікұшақ макетінің сызбаларын, эскиздерін дайындау.
29. Тікұшақтың құрамды бөліктері. Тікұшақ қаңқасын, негізгі және артқы қалақшаларын жасау.
30. Электртехникалық ҚЕ. Электр құрылғыларын жалғау сызбаларын дайындау.
31. Электр құрылғыларын қаңқаға бекіту әдістері. Электр құрылғыларын бекіту, жалғау және сынақтан өткізу.
32. Қаңқа сыртын қаптау және көркемдеу тәсілдері. Қаңқаны қаптау, қалақшаларды орнату.
33. Сырлау кезіндегі ТҚЕ еске салу. Тікұшақты сырлау, безендіру.
34. Оқу жылында жасалған бұйымдардың көрмесі. Оқу жылының қорытындысы.
Барлығы 68 сағат
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.