Тамақ өнеркәсібі

0

Сабақтың тақырыбы: §31. Тамақ өнеркәсібі
Мақсаты: Тамақ өнеркәсібінің салалары, оларды тұтынудың орташа көрсеткіші туралы оқып үйрену
Күтілетін нәтижелер: А) Тамақ өнеркәсібі өнімдерін біледі;
В) Тамақ өнеркәсібі шикізат түріне қарай топтастыра алады;
С) Тамақ өнеркәсібі орталықтарының республика аумағында орналасуының себебін талдап, тұжырымдай алады;
Керекті жабдықтар: Оқулық, Қазақстанның экономикалық картасы, визуалды айғақтар, слайд, атлас, бағалау парақтары
Қолданылатын әдіс — тәсілдер: «Менің сүйікті тағамым», «Сұрақты ұстап ал!», «Миға шабуыл», «Үш қадамдық сұхбат», «Жарнамалау», «Серпілген сауал», кері байланыс

Кіріспе (5 мин)
— Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқушылармен амандасып, «Менің сүйікті тағамым» тренингі арқылы сыныпта ыңғайлы орта құрамын;
Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша алуды ұйымдастыру. Сұрақтар өткен тақырыптан болуы шарт.
«Қазақстандағы мал шаруашылығының басты салаларын атаңыз», «Жергілікті жерлерді мал шаруашылығының қандай салалары таралған?», «Тәуелсіздік алған жылдардағы еліміздегі мал шаруашылығын дамытудың ерекшелігі», «Табиғи жайылым мен шабындық жердің мал шаруашылығы үшін маңызы» деген сияқты күрделі сұрақтардан тұруы қажет.
— Сынып оқушыларын қиынды сөздер арқылы 6 топқа бөлемін. Әр топ өздері топ басшыларын сайлайды.
І топ: Тамақ өнеркәсібі;
ІІ топ: Ет өнеркәсібі;
ІІІ топ: Ұн тарту, жарма өнеркәсібі;
ІҮ топ: Қант өнеркәсібі;
Ү топ: Сүт өнімдері өнеркәсібі;
ҮІ топ: Балық өнеркәсібі;
— Оқушыларға бағалау парақтарын таратамын.

Тұсаукесер (5 мин)
Жаңа сабағыма кірісу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыра отырып, сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындаймын.
— Ауылшаруашылығының салаларын ата?
— ауылшаруашылығының қандай салалары басым?
— ауылшаруашылық кешенінің ұқсатушы факторларына қандай салалар жатады?
— халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын сала қалай аталады?
— бұл сала тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қандай көрініс тауып отыр?
Жауап берген оқушыларды ынталандырып отырамын.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алған соң оқушыларға тапсырмалар топтамасын беремін. Оқушылар уақытты үнемдеу үшін ресурс парақтары мен қосымша сурет қиындыларын, қосымшалар беремін.
Тапсырма№1. Жеке, жұптық жұмыс
— Мәтінді оқу. (5мин)
— топта талдау. «Үш қадамдық сұхбат» (3мин)
Тапсырма:№2. Топтық жұмыс. «Жарнамалау» (l5 мин)
І топ: Тамақ өнеркәсібі;
ІІ топ: Ет өнеркәсібі;
ІІІ топ: Ұн тарту, жарма өнеркәсібі;
ІҮ топ: Қант өнеркәсібі;
Ү топ: Сүт өнімдері өнеркәсібі;
ҮІ топ: Балық өнеркәсібі;

Негізгі бөлім (25 мин)
Тапсырма:№3. Кескін картамен жұмыс. Картадан немесе атластан тамақ өнеркәсібі салаларының орналасқан аудандарын түсіру.
Оқушылардың алған білімін одан әрі нақтылау үшін оқушыларға «Батыс Қазақстанның балық шаруашылығының қазіргі таңдағы жайы» тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетемін.
https://www. youtube. com/watch? v=Cf8ZnyvWzX4

Сабақты оқушылардың есте сақтау дағдысын дамыту мақсатында «Серпілген сауал» әдісімен қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылар өздерін бағалау парақтары бойынша бағалайды.

Қорытынды (10 мин)
Кері байланыс: «Өз жауабымның дәлелі» әдісі
l. Мен сабақта………………………………………….. қызықты болғандықтан жақсы жұмыстандым.
2. Жұмыстана отырып мен……………………………. көз жеткіздім.
3. Сабақ мен үшін……………………………………………. қызық болды.
4. Сабақ бойына менің үйренгенім………………………

5. Менің көңіл — күйім………………..
6. Есімде қалған…………………………
Үйге тапсырма: §31. Тамақ өнеркәсібі.
Облысымыздағы тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар туралы қосымша мәліметтер алып келу;

Орал қаласы,
М. Б. Ықсанов атындағы
№36 орта жалпы білім беретін мектебі
Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!