Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Сабақтың мақсаты: Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету.
Білімділік: оқушыларға токарь станогында ағаш өңдеуді және бұйым дайындауды үйрету;
Дамытушылық: әртүрлі бұйымдарды әзірлеу кезінде оқушылардың дағдыларын, шеберліктерін арттырып, станокта жұмыс істеуге дағдыландыру, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: ұлттық өнерді үйрету, еңбек мәдениетіне, іскерлік және ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық, өз бетімен жұмыс.
Көрнекілігі: технологиялық карта, дайындалған дайындамалар.
Құрал – жабдықтар: СТД – 120 м ағаш өңдеу станогі, ағаш бөлшектері, ара, егеулер, штанген – циркуль.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуы, түгендеу.
ә) Жұмыс киімін, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасы.
— Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер? (Емен, қайың, терек. т. б)
— Ағашты өңдеуге арналған құралдарды кім атайды? (сүргі, ара, қашау, балта, т. б)
— Қашау не үшін қажет? (ағашты көркемдеп өңдеу)
— Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар? (Фуганок, сүргі)
Ой қозғау.
Бейнеролик «Орманда» оқушылар бейнекөріністі көріп болған соң, дәптерлеріне көрген ағаш түрлерінің атауларын жазады.
Сұрақ: Ағаштың қандай пайдасы бар? Ағаш — жиһаз, баспана, сая, даланы, егістікті желден, суықтан қорғайды т. б
Жаңа сабақ: 1. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.
а) АЖС – да жұмыс істеу кезінде бұйымды мықтап бекіту.
б) Тоқ жүретін сымның дұрыстығын әр жұмыстың алдында тексеріп алған жөн.
в) Станокта жұмыс істейтін қашаулар өткір қайралған болу керек.
2. Оқушыларға ағашты өңдеу туралы мағлұмат беру.
3. Токарь станогында ағаштан әртүрлі бұйымдар жасау жолдарын түсіндіру.
4. Әртүрлі бұйымдар жасаудың технологиялық картасымен танысу, талдау.
Дәптермен жұмыс: Тақырыпты және жаңа технологиялық картаны жаздыру
Сарамандық жұмыс:
Әртүрлі бұйымдар жасаудың нұсқау картасына орай оқушылар жұмыс жасайды. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау.
— Жұмыс жасағанда техника кауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ағаш өңдеуге арналған токарь станогында қауіпсіз еңбек ережелерін орындау.
1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
2. Өңдеу құралдарының ақаусыз болуын қарап шығу.
3. Токарь станогында құралды пайдалану жолдарын еске түсіру.
Ү. Сергіту сәті. Сөйлейтін сандар
56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48
ғ ш а ж у г д н о л е б і і а
6 х 5 =
7 х 6 =
4 х 5 =
7 х 8 =
4 х 7 =
5 х 9 =
8 х 6 =
9 х 7 =
6 х 6 =
9 х 9 =
4 х 8 =
8 х 9 =
9 х 3 =
6 х 3 =
4 х 4 =
Сабақты бекіту: Шаршы ішіне жасырылған сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.
Ш Е Ң Ы Й А
Н Б Е Г Р Қ
Е Ь Р І Ү С
М Л У К Р И
Е Н Г Е Н Ц
А Т Ш А Р А
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамын.
Міне оқушылар ағаштардың қалдықтарының өзінен – ақ әсем бұйым жасауға болады. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті.
Теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану арқылы кестені толтыру.
Не білдім?
Нені үйрендім?
Нені үйрендім?
Бағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма:
Ағаштан жасалатын бұйымдармен танысу.
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі
Балмуханов Нурболат Қобланович