Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.

0

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
8 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.
Оқушыларды үйдегі жиһаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету.
Жиһаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой — өрісін, білімдерін шыңдау.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі — суретті, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: № 24 беті 76 — 82, суреттер, альбомдар, суреттер, киіз үлгілері, кілемше, құралдар т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой қозғау
1. Ата – бабамыздың мекен еткен қандай үйді білеміз?
2. Үйді жиһаздау дегеніміз не?
Қандай жиһаз түрлерін білесіңдер?
Киіз үйдегі жиһаздар
Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздар
1. Жиһаз үйлесімділігі дегеніміз не?
2. Түстер үйлесімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?

II. Жаңа сабақ
1. Әр адамның әдемілік пен ыңғайлық туралы түсінігі әр түрлі. Жиһаздың сапасы тұтынушының жеке талабына сай болуы тиіс. Жұмсақ жиһазды сатып алу адам өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жақсы жұмсақ жиһаз өмірін жайлы әрі әдемі етеді, үйіңді әрлендіріп айрықша стил де көрсетеді. Осындай жиһаздар үй иесінің ерекше талғамына хабар беріп үйдегі интерьерлерге еріксіз назар аудартады.
Бүгінгі заманғы жиһаз топтамалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көбіне жиһазды жайлап, жылдар бойы сатып алады. Кез келген нәрсені арзандығына, ерекшелігіне қарай қызығып алуға болмайды. Алдымен бөлме жиһаздарын бірін — бірі құрып толықтыратындай етіп, көз алдарыңа келтіріп алу керек. Жиһаз сатып алмастан бұрын бөлмедегі басқа жиhаздармен үйлесімділік таба ма әлде тіпті ерекшеленіп тұрама, соған мән беру қажет.
Еліміздегі жиhаз бизнесінің айналымында жүрген қаржы 1млрд долларды құраған болатын.
Бұл күндері жатын бөлме, ас үй жиhаздары, парталар, жұмыс үстелі мен орындықтар, орынтақтар, компьютерге арналған үстелде, мектептер мен балабақша жиhаздары аса сұранысқа ие.
Пәтерді жабдықтаған кезде бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлауды бөлмелер санының, көлемін және олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор.
Жиһазды іріктеп орналастыру, пәтерді жиһазбен жабдықтау. Бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиһазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған дұрыс.

2. Шығармашылық жұмыс «Менің болашақ үйім», «Менің бөлмем» тақырыбында сурет салу (эскиздерді көрсету)
3. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жүннен әртүрлі киіз басып, киіз үйге туырлық, үзік, түңлік, дөдеге және тұрмысқа қажетті еденге төсейтін текемет, сырмақтар, тұсқа ілінетін тұскиіздер мен қап түрлерін жасаған. Киізден жасаған бұйымдар қазіргі заманда халықтың генетикалық мәдени қарым — қатынасындағы байланысты көрсететін дерек ретінде қабылданады. Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы қорында сақтаулы 267 киізден жасалынған бұйымдар – қайталанбас өнер туындысы ғана емес, әлі сыры ашылмаған, толығынан зерттелмеген асыл мұра. Киізден жасаған бұйымдар 1970 — 1980 жылдары жан-жақты жүргізілген экспедициялық жұмыстар кезінде молынан толықтырылды. Жалпы алғанда киіз басу барлық жерде бір тәсілмен орындалады. Киіз басуға арналған ши бетіне бірыңғай түсті жүн қалың етіп тартылып, басқа түске боялған жүннен ою түседі. Сонан соң бетіне ыстық су себіліп, шиге еппен оралады да, әрі-бері домалатып теуіп, нығыздалады. Бұдан әрі киіз әбден «піскенше» бірнеше тәсіл қолданылып, толық біткен кезде текеметті жарқыратып күнге жайып қояды. Киіз бетіне ою жүргізетін шебер ел арасында аса құрметке ие. Текеметті бір күн ішінде басып бітеді. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме — дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болады да, жергілікті көркемдік ерекшеліктері анық көрініп тұрады. (суреттерді көрсету)
Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде мұражай қызметкерлеріне Қазақстанның барлық жерінде түкті кілем тоқу ХХ ғасырдың 30 — шы жылдарына дейін сақталып келгені мәлім болды. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұланның «Қазақтың халық қолөнері» атты кітабында бұрынғы кездегі түкті кілемнің бірнеше түрінің болғандығын айтады. Олар: орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген – орда кілем, көлемі өте үлкен – қалы кілем, тығыз тоқылған – масаты кілем, сүттей аппақ – ақ кілемдер мен қоңырқай түсті немесе сұрғылт түсті кілемдердің болғанын баяндайды. Түкті кілемдер тігінен қойылған өрмектерде тоқылады. Астыңғы арқау жіп үстіңгі арқау жіппен қоса қабат шалынып отырып тоқылады да, екі рет өткерме жіп жүргізіледі. Кілем түгі 4 — 7 см болады. Кілем тоқитын жүнді алдын — ала әртүрлі өсімдіктердің тамырынан, жапырағынан алып дайындалған табиғи түсті бояулармен бояп, реңі қанық, түсі тұнық түрлермен кілем бетін құбылтып, үндестік шешімінің көркемдік сұлулығын аша білген (суреттерді көрсету)

ІІІ. Э және ҚСН. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
түсіндіру
терминологиямен жұмыс
лекция жазу
ІҮ. Сабақты бекіту. Үйге тапсырма беру: суреттерді аяқтап келу, мәнжазба (Э және ҚСН)

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі Еркебаева Жанар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!