Аша Матай отбасылық әңгімені жұртқа жайып салды

0

Бағдарлама тізгініне эстрада әншісі Аша Матай қайта оралды.  Жоба күн сайын сағат 12-де тікелей эфирден көрсетіледі

«Qalauym live» жаңа форматта көпшілік назарына ұсынылмақ. Бағдарлама сапалы шығуы үшін шығармашылық ұжым барын салуда.

Бағдарлама тізгініне эстрада әншісі Аша Матай қайта оралды.  Жаңа жоба тікелей эфирде шықты. Үміткерлер бір-бірімен танысып, мақсаттарын айқындады, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Айта кетейік, жобаға өмірлік серігін іздеген 23 адам қатысады.

Жаңа форматтағы алғашқы тікелей эфир тосынсыйларға толы болды. Мәселен, Аша Матайдың өмірлік серігі Арман Қоңырбаев отбасы құрғандарына төрт жыл толуына орай, студияға бір құшақ гүлмен келіп, жан жарын осы бір айтулы датамен құттықтады. Ал тележүргізуші өзінің аяғы ауыр екенін мәлімдеді.

Жоба күн сайын сағат 12-де тікелей эфирден көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасын жүргізбейтінін мәлімдеген еді. Оның себебін тележүргізушінің күйеуі Арман Қоңыров түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, Аша Матайдың денсаулығы қатты сыр берген. Тіпті, эфирден соң бірден ауруханаға апарған кездері де болыпты. Бірақ ауырғанына қарамастан жұмысын әрмен қарай жалғастыра берген.

«Қойшы, таста бұл жұмысты» деп те айттым. Бірақ үнемі бұған құлақ аспайтын. Себебі көрермендері алдында адал ғой. Ақыры осы шешім шықты, мен тек қуаныштымын», — деген болатын ол.

sputniknews.kz