Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ЫҚЫЛАСЫН ХАЛЫҚТЫҢ МЕН ҚОЛДАЙМЫН)

0

Өтіп жатыр зымырап күн тізбегі ,
Бабалардың рухы бар бір кездегі .
Егемен ел —- Отаным мықты тірек
Қандай жарқын көңілді ел біздегі .

Шаттығымды арқалап мен келемін ,
Тәуелсіздік есігін тең көремін .
Отын жағып , ызғарлы Желтоқсаннан
Қазағым деп , қуаттап әл беремін .

Асыл тастан жаралған асқар тауым ,
Етегіңнен тып – тынық аққан суым .
Көріктеніп ұласты тасты жарып
Көк жүзіне желбіреп алтын Туым .

Шарықтатты , достықпен бейбіт өмір ,
Нұрсұлтандай Елбасы —- бақыт кәзір .
Қатарында келеміз Елу елдің
Алла өзі жарылқап —- уақыт Тәңір .

Шетте жүрген бауырлар басын қосты ,
Ақ дастарқан жайылып , асын тосты .
Қазақстан шарықтап алға бастап
Жаңарған ел көресің толғанысты .

Қазақ елім Егемен жиырма жылда ,
Талай жұмыс атқардың қиын жолда .
Сусыз жатқан шөл дала өңірлерін
Гүлзар еттің еңбекпен қиырларда .

Тыныш өмір жалғасып келе жатыр ,
Куә болғын ісіне Жаңа ғасыр .
Жаратылған ер жүрек мәңгілікке
Тау тұрғызған Нұрсұлтан нағыз батыр .

Асқақтады Астана ел тілегі ,
Таныс болды халқына ер жүрегі .
Барыс жылы екі мың отызыншы
Анықталды жоспарда жыл тірегі .

Ықыласын халықтың мен қолдаймын ,
Референдум бағытын шын жолдаймын .
Президент боп Нұрсұлтан жасай берсін
Тілектерін елімнің орындайтын .

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!