Ақмола облысында көмір алуға барған зейнеткер қаза тапты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Атбасарда жүк тиегіш егде жастағы әйелді басып кетті, күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

КӨКШЕТАУ, 25 қыркүйек — Sputnik. Көкшетау облысының тұрғыны қаладағы кәсіпорындардың біріне көмір алуға барып, қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Зейнеткер әйелді жүк көлігі қағып кеткен. Мұны полицияға қайғылы жағдай болған кәсіпорынның директоры хабарлады.

«Күндізгі сағат 4 шамасында 77 жастағы Атбасар қаласының тұрғыны кәсіпорын аумағына көмір алуға келген. Көмірді «ЗиЛ» жүк көлігіне ZL 50 жүк тиегіші тиеп жатқан. Оны 37 жастағы жергілікті тұрғын басқарған», — деп түсіндірді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеушілер жүк тиегішінің жүргізушісі көлікті артқа жүргізгенін айтады. Ол алдын ала көліктің айнасына қараған. Сондай-ақ жүк тиегіштің жылдамдығы сағатына 5 километр болған.

«Осы сәтте жүк тиегіштің жүргізушісі «ЗиЛ» иесінің дауысын естіген. Содан ZL 50 жүк тиегішінің иесі көліктің артқы оң жақ доңғалағымен әйелді басып кеткенін көрген. Әйел жерде қозғалмай жатқан», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды 

Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы (Автокөлік жүргізуші адамның жол ережелерін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер күдіктінің сотта кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz