Қазақстанда 21 қыркүйектен бастап теміржол билеттері қымбаттады
Қысқа сілтеме алу
21 қыркүйектен бастап сұранысқа ие 28 бағыт бойынша теміржол билеттері қымбаттады, ал 11 бағыт бойынша бұрынғы баға қалып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Әлеуметтік маңызды 39 бағыттың 28-інің бағасы көтерілді.
Қазақстан темір жолы компаниясының мәліметінше, 11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:
1. № 085/086 Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағыты;
2. № 021/022 Қызылорда – Семей бағыты;
3. № 313/314 Атырау – Маңғыстау бағыты;
4. № 339/340 Павлодар – Пресногорьковская бағыты;
5. № 373/374 Алматы – Жезқазған бағыты;
6. № 377/378 Алматы – Маңғыстау бағыты;
7. № 603/604 Нұр-Сұлтан – Арқалық бағыты;
8. № 085/086 Қарағанды – Сарыағаш бағыты;
9. № 021/022 Алматы – Семей бағыты;
10. № 22/6941/6942/21 Алматы – Достық бағыты;
11. № 339-55/56-154 Павлодар – Қызылорда бағыты.
Еске салсақ, биылғы жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстанда теміржол билеттерін қайтарған кезде салынып келген айыппұл алынып тасталды.
sputniknews.kz