Нұрдәулетовтен жеңілген Ла Крус күтпеген мәлімдеме жасады
Қысқа сілтеме алу
Хулио Сесар Ла Крус Екатеринбургте өткен әлем чемпионатындағы жеңілісіне қатысты пікірін айтты. Кубалық боксшы шешіммен келіспей отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатының жартылай финалында кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крус қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілді.
«Мен жеңілгенді ұнатпаймын. Мен әлем чемпионатына бесінші алтын медаль алу үшін бардым. Төрешілер ол жеңді деп шешті. Алайда бұл әділ шешім болған жоқ. Жекпе-жекте мен жеңіске жеттім деп ойлаймын. Төрешілер мәлем чемпионатындағы менің бесінші «тәжімді» тартып алды деп есептеймін», — деді кубалық боксшы.
Ла Крустың айтуныша, ол бапкерлері айтқан ақыл-кеңеске құлақ асқан. Жекпе-жекті жақсы аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Тағы оқыңыз: «Оның бәрі — сатқындық» Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
«Мен жеңілдім деп санамаймын. Спортта осылай болып тұрады. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Бірақ ол жақсы боксшы, әлі жас. Сондықтан бұл жолды әлі өтуі тиіс», деді Ла Крус.
Еске сала кетсек, Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында әлем чемпионы атанды. Ол жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Хулио Ла Крусты жеңіп, сенсация жасаған болатын. Танымал спортшы нокдаун да алып қалды. Осыдан үш жыл бұрын Рио Олимпиадасында дәл осы кубалық боксшы қазақ Әділбек Ниязымбетовтен басым түсіп, чемпион болған еді.
sputniknews.kz