АҚШ-тың жаңа зымырандар жасауы әлемге қауіп төндіріп тұр – ҰҚШҰ
Қысқа сілтеме алу
Әлемде саяси-дипломатиялық, әскери және басқа салаларда жағдай шиеленісіп келеді, деп атап өтті Сидоров
НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Америка Құрама Штаттарының орташа қашықтықтағы зымырындарды жасау бағдарламасын қаруланудан жарыс деп есептейді. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлады.
«Америка Құрама Штаттарының орташа қашықтықтағы зымырандарды жасауды жаңғыртуы қаруланудан жарысқа жасалған тағы бір қадамға айналды. Бұл әлемдегі старетегиялық баланс пен тұрақтылыққа кері әсер етеді. Бұған қоса, елдер арасындағы сенімсіздікті күшейтіп, халықаралық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді», — деді ҰҚШҰ штабының басшысы Анатолий Сидоров Мәскеу- Бішкек- Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан видеокөпір форматындағы баспасөз мәслихатында.
Анатолий Сидоровтың айтуынша, заманауи әскери-саяси жағдай одан әрі қарама-қайшы сипатқа ие болып келеді. Бұл тұста дамып жатқан кері процестер халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке көптеген қауіп төндіреді.
sputniknews.kz