Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: № 10-сабақ. Мәтін және оның түрлері
Оқу мақсаты: 3.2.4.1.өзбетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін дайын материалдарды пайдаланады.
Оқушылардың көбі:
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады.
Оқушылардың кейбірі:
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Коллаж әңгіме» стратегиясы бойынша «Ит не деп айтты деп ойлайсың?» тақырыбында жұмыс жүргізіледі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салып, сыныпқа ұсынады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
1.(МК; Т; Қ) Оқушылардан, ең алдымен, иттер туралы мәліметті немесе иттер туралы жазылған әңгімелерді қайдан оқып білуге болатындығы сұралады. Тапсырманы «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүргізіледі.
Оқушылар ғылыми-танымдық мәтін (ғылыми стиль), көркем мәтін (көркем әдебиет стилі) түрлерін еске түсіреді..
2.4.1 (МК;Т)Топқа бөліну. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
Оқушыларға оқулықтан 38 және 39-жаттығуда берілген ит туралы екі мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар алдымен іштей оқиды. Қабілеті жоғары оқушылар мәтін бойынша тірек сөздерді табады.Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеулер жасайды.
— Мәтіннің тақырыбын басқаша қалай қояр едіңдер?
— Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Мәтіннің тақырыбы Мәтіннің негізгі ойы
1-мәтін
2-мәтін
Дескриптор:
— Мәтінге тақырып қояды.
-Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
«Венн диаграммасы» арқылы берілген екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дәлелдеулер жасайды. Мәтіннің қайсысы ит туралы нақты фактілер берілгенін, қайсысы көркем мәтін екенін анықтап, дәлелдеулер жасап, ой қорытады.
3. Қорытындысын кестеге түсіреді.
Сұрақтар 1-мәтін 2-мәтін
1.Мәтіннің қай түріне жатады?
2. Мәтін қай стильде жазылған?
3. Мәтін қай жанрға жатады?
4. Сергіту сәті жүргізіледі.«Иттер мен күшіктер»ойыны ойналады.
5. Оқулықтан 39-жаттығу орындалады. Оқушылар мәтінді қатесіз әрі көркем жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазулары қадағаланады.
Қабілеті жоғары оқушылар сөйлемдердің мағынасын өзгертпей көмекші сөздерді қолдана отырып, пайымдау мәтінін құрастырады.
3.2.5.1 (МК; Т) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Тапсырма «Жарнама жаса» әдісі арқылы топта орындалады. Топтағы оқушылар «Жас зерттеушілер» мүшелері иттерді таныстыру туралы жарнама қағазын дайындап, ұсынулары тиіс. Оқушылар алдымен берілген таныс емес сөздер иттер туралы мәліметтерді ақпарат көздерінен, сондай-ақ өз тәжірибелері арқылы мағынасын ашады. Сол бойынша жарнама жасалады. Соңынан оқушылардың жұмыстары «Сөйлейтін қабырғаларға» іліп қойып, талдау жүргізіледі.
-Қай топтың жарнамасын сәтті деп айта аламыз?
-Неліктен ол топтың жарнамасы сәтті шыққан деп ойлайсың?
-Өз жарнамаларыңнан нені өзгертер едіңдер? сұрақтары арқылы кері байланыс жасалады.
Дескриптор:
-таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады;
— мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтай алады;
— жарнама қағазын құрастырады;
— ерекше идея ұсынады……
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!