Отыз жылын құлдықта өткізген ер адамның ендігі тағдыры не болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанда 30 жыл құлдықта болған ер адамның тағдырына ресейлік телеарналар қызығушылық танытып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. НТВ телеарнасының өкілдері Дмитрийге ДНҚ тест құнын төлеп беруді ұсынды. Сондай-ақ, туған жеріне оралуға көмектесу үшін құжаттарын да рәсімдеп бермек, деп хабарлайды «Алау» сайты.

Дмитрий Кеңес үкіметі ыдырағанға дейін Қазақстанға напақа табуға келген. Кейін құлдыққа түсті. Өзінің қолында тек «қызыл» төлқұжаты ғана болған. Ресми түрде ер адам ешбір елдің азаматы емес.

Туыстары 30 жыл бойы іздеген

НТВ телеарнасы бағдарламасының продюсері Ярославна Белоустың айтуынша, тест Дмитрийдің тұлғасын анықтауға мүмкіндік береді.

«Біз шығынның бәрін өзіміз өтеуге дайынбыз. Қазақстаннан Нижний Новгород қаласына дейінгі жолдың ақшасын төлейміз. Дмитрийдің құжаттарын алуына көмектесеміз. Сондай-ақ, тест қорытындысы бойынша Дмитрийдің тұлғасы дәлелденсе, отбасымен қауышатын болады», — деді  «ДНК» бағдарламасының продюсері Ярославна Белоус.

Ресми мемлекеттік құрылымдар да бұл мәселеге араласпақшы.

Қостанай облысы полициясының көші-қон департаментінің мәліметіне сәйкес, ер адамның азаматтығын анықтау жұмысы басталды. Алайда бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

«Біз бұл ер адамның мәселесін шеше бастадық. «Дамыту» қоғамдық қорының арқасында Дмитрийдің тағдырына көңіл бөлінді. Оның тұлғасы анықталады. Бұл үшін Ресей елшілігінде сұрау жолдадық», — көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дутпаев.

Тағы оқыңыз: Бес жыл құлдықта болған Қарағанды тұрғыны басынан кешкен сұмдықты айтып берді

Оның айтуынша, Дмитрийдің тұлғасы анықталған соң Ресейге қайтару жұмыстары жүргізіледі. Құжаттары Қазақстан аумағында да рәсімделуі мүмкін.

Табыс табамын деп құлдыққа түсті

Ресейдің тумасы Дмитрийдің тағдыры осыдан бірнеше күн бұрын белгілі болды. Алпыс жастағы ер адам 30 жылын құлдықта өткізген. Ол 1989 жылы Қазақстанға табыс табуға келіп, құлдыққа түскен. Өзі ешқашан қашуға тырыспағанын айтады. Өйткені ақша да, құжат та болмаған.

Алайда осыдан бірнеше күн бұрын Руслан есімді жігітпен танысыпты. Ол ер адамды құлдықтан құтқарған. Дмитрий Алматы облысынан Қостанай өңіріне көшті. Оған «Дамыту» қоғамдық қорының мүшелері көмектесіп жатыр.

Қоғамдық қор жетекшісі Нина Косюктің айтуынша, Дмитрий өзін құлдықта ұстаған адамдарға арыз жазудан бас тартыпты. Бар арманы — отбасына оралу

 



sputniknews.kz