Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ЖАҢАРҒАН АСТАНА)
Тарихыңа зер саламын Астана ,
Бабаларым мекен еткен Ақмола .
Еркіндіктің туын тіктің төріңе
Қазағымның орталығы Ақорда .
Бабаларым мекен еткен Ақмола .
Еркіндіктің туын тіктің төріңе
Қазағымның орталығы Ақорда .
Тербетесің бейбіт елдің бесігін ,
Әлем шарға ашып тұрып есігін .
Ел басымыз өзі таңдап Нұрсұлтан
Атақ берді Астана деп , есімін .
Ақ үйлері көтерілді маржандай ,
Сәулесінен жарқырайды бар маңай .
Ел ісіне атқарылды жарлығың
Жолдауларын президенттің армандай .
Басын қосты шындық сүйген елдердің ,
Ұраны боп тыныш өмір күндердің.
Уағыздалдың барлық елге Астана
Достықпенен жолын ашып діндердің .
Мөп – мөлдірлі сулар ақты Есілден ,
Ақ қайыңдар жағалауда өрілген .
Аққулардай қайық желкен жүзеді
Жаңартылып сұлу қала көркейген .
Көк жүзіне Байтерегің өрлейді ,
Барлық әлем Астана деп сөйлейді .
Жылдар бойы мерей тойың құт болсын
Елу елдің қатарлығын тербейді .