Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды (ВИДЕО)

0

Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған челленджге қатысты. Ол «Желсіз түнде жарық айды» қытайша оқыды

Бүкіл әлемге танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қытай тілінде оқыды.

https://www.instagram.com/p/B2vP8rhFr7k/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=dlfix

Осылайша Джеки Чан ақынның мерейтойына арналған #Abai175 флешмобын жалғастырды. Актер Абайдың туындысын қытайша оқып берді.

«Қазақстан президенті бастаған эстафетаны досым Ерлан Қариннен қабыл алдым», — дейді Джеки Чан.

Одан кейін Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қытай тілінде мәнерлеп жатқа оқып береді.

Айта кетсек, бұл флешмобқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, эстафетаны танымал әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Ал Димаш ресейлік продюсер Игорь Крутой мен миллиондаған тыңдарманын челленджге қатысуға шақырды. Бүгінге дейін флешмобқа отандық және шетелдік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, жұлдыздар мен басқа да азаматтар қатысып келеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа өлең оқытқан 9 жасар қыз өмірі қалай өзгергенін айтты

Айта кетсек, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады.

sputniknews.kz