Оралда сәбиін зиратқа тастаған әйел иттердің «арқасында» жазадан құтылып кетті
Сараптама нәтижесі әйелдің зираттан табылған нәрестенің анасы екенін көрсетті, дегенмен ол жазадан құтылып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Сәбиін аман-есен дүниеге әкеліп, артынан оны зиратқа тастап кеткен әйел жазаланбайтын болды, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.
Жаңа туған нәрестенің денесін биыл 5 наурызда зират аумағынан балалар тауып алады. Басылымның мәліметінше, сәбиді бұралқы иттер мүжіп тастаған.
Полиция нәрестені жүктіліктің 36-шы аптасында босанып, оны зират аумағында қалдырып кеткен қала тұрғынын тез арада анықтады. Әйел табылған сәбиге қатысы жоқ екенін айтқанымен, ДНҚ сараптамасы оның анасы екенін көрсетті.
Тағы оқыңыз: Әкесі өлі туған сәбиін ескі зиратқа жасырын жерлеген
Дегенмен, полицияның хабарлауынша, баланың ішкі мүшелерін иттер жеп қойғандықтан, оның өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады.
Осыған байланысты бұл іс қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы «Іс бойынша өндіріс қозғалмайтын жағдайлар» негізінде тоқтатылды.
sputniknews.kz