Қазақстанда көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында бүгін сағат 10.30-12.30 және 17.00 — 19.00 кезінде көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжат қабылданбайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. 23 қыркүйек күні көлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» АҚ атқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

«2019 жылдың 23 қыркүйегінде ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстар жүреді. Осыған байланысты 10.30-12.30 және 17.00-19.00 кезінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжаттар қабылданбайды», — деп жазылған хабарламада.

Бұл қызмет осы уақытта электронды үкімет порталында да жұмыс істемейді.



sputniknews.kz