Рахман Омардың бірінші әйелінің өлімі: Жантүршігерлік жайттар анықталды — новости Казахстана

0

Танымал тележүргізуші Рахман Омардың бірінші әйелін биылғы жылдың жазында пәтер жалдаушы келіншек асқан жауыздықпен өлтірген болатын. Сот отырысында Сүлейменованың (ред: Гүлдерайым Омарованы өлтірген күдікті) жантүршігерлік қылмысты есі дұрыс күйінде жасағаны анықталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Рахман Омар, Гүлдерайым Омарова. Фото:Kaznews.kz,carmen.kz

Рахман Омар, Гүлдерайым Омарова. Фото:Kaznews.kz,carmen.kz

Гүлдерайым Омарованы өлтірді деген күдікке ілінген Сүлейменова оның денесіне терең сегіз пышақ жарақатын салған.

Алған жарақаттан тележүргізушінің бірінші әйелі оқиға орнында қаза тауыпты.

Ал Сүлейменова оның киімдерін кір жуғыш машинамен жуып, аяқ киімін пакетке орап қойған.

Ал танымал тележүргізуші бұрынғы әйелін өлтірген күдіктіден 100 миллион өтемақы талап етті.

Алайда Сүлейменова бірде-бір мүлкінің жоқтығын алға тартып, көк тиын да төлемейтінін ашық айтқан.